Түбірлес сөзді тап

Тақырып: Түбірлес сөздер

Бұл сабақ жоспары оқушыларға түбірлес сөздер туралы түсінік беріп, сөздік қорын байытуға және сауатты, көркем жазуға мүмкіндік туғызуға бағытталған.

Мақсаты

Оқушыларға түбірлес сөздер туралы түсінік беру.

Дамытушылығы

Сөздік қорын молайтып, сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелілігі

Ұйымшылдыққа, достыққа және бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Кесте
  • Сызба
  • Ребус

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптағы жұмыс тәртібін реттеу.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Жағдаяттық тапсырма

Мектеп кітапханасынан сыртқы мұқабасы жыртылған бір кітап пен іші-сырты сызылған кішкентай кітапша табылды. Оларды кеше 3-сынып оқушылары Сәбит пен Нұрлан өткізген еді. Екеуі бір-біріне мұңдарын шаға бастады. Осы кезде кітапханашының дауысы естілді...

Ережені пысықтау сұрақтары

  1. 1. Түбір сөз дегеніміз не?
  2. 2. Қосымша дегеніміз не?
  3. 3. Жұрнақ дегеніміз не?
  4. 4. Жалғау дегеніміз не?
  5. 5. Туынды сөз дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

1) Ребус шешу

Түтін + 1 тал + кесе

→ «түбірлес сөздер» (шешімі)

С + көз + доп

→ Сөз құрау тапсырмасы

Е + шар

→ Сөз құрау тапсырмасы

2) Ереже

Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

Мысал

кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы

30-жаттығу

Түбірлес сөздер қатарын оқып, түбірін анықта.

су суат сушы сулы сусын сулық

31-жаттығу

Түбірлес сөздерді топтап жаз.

ОЙЫН
БАЛА
ЖҰМЫС
БАС

IV. Сергіту сәті: «Шығарманың атын тап»

Мұғалім төмендегі жолдарды оқиды, оқушылар қай шығармаға немесе авторға тиесілі екенін табуға тырысады.

  1. 1) «Бұл адам емес, бұны әлі адам деуге болмайды, бұл нағыз адамның өзі».
  2. 2) «Жақсылыққа жамандық бар ма?»
  3. 3) «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды».
  4. 4) «Шытынайды тыста аяз».
  5. 5) «Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!»
  6. 6) «Ең бірінші бақытым — халқым менің».
  7. 7) «Қарағым, жылыт, тамақ бер».

V. Жаңа сабақты бекіту

33-жаттығу

Көркем жазу: үлгі бойынша дұрыс әрі әдемі жазуға дағдылан.

Шығармашылық тапсырма

Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыр.

34-жаттығу

Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жаса.

Сауалнама (тест)

  1. 1) Түбір сөзді тап:

  2. 2) Қосымша деген не?

    а) түбір, жұрнақ
    ә) түбір, қосымша
    б) түбір, жалғау
    в) жұрнақ, жалғау
  3. 3) Түбірлес сөзді тап:

    а) балықшы, әнші
    ә) күйші, ақын
    б) сыйлық, сыйлы
    в) қала, сабақ
  4. 4) Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз:

    а) түбірлес сөз
    ә) туынды сөз
    б) негізгі сөз
    в) дара сөз
  5. 5) Түбірлес сөздер қалай жасалады?

    а) бірнеше түбірден
    ә) екі түбірден
    б) бір түбірден
    в) әртүрлі түбірден

VI. Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Түбірлес сөздің анықтамасын қайталау, мысалдар арқылы бекіту.

Бағалау

Жұмысқа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

Түбірлес сөздерге мысалдар келтіріп, оларды түбірі мен қосымшасына талдап жазу.