Қиылысқан түзулер

Оқу мақсаттары

  • Қиылысқан түзулер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Перпендикуляр және көлбеу туралы теоремамен танысу, оны дәлелдей білуге үйрену.
  • Сызбаларды дұрыс сала білу және теоремаларды есеп шығару барысында қолдану дағдысын дамыту.

Сабақтың басы: қызығушылықты ояту

Сабақ басында оқушылар негізгі ұғымдарды еске түсіру үшін сұрақтарға жауап береді. Бұл бөлім перпендикуляр, көлбеу және олардың проекциясы сияқты тірек түсініктерді нақтылауға көмектеседі.

  1. 1 Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу қалай аталады?
  2. 2 «┴» таңбасымен нені белгілейміз?
  3. 3 Перпендикуляр дегеніміз не?
  4. 4 Көлбеудің анықтамасын сипаттаңдар.
  5. 5 Көлбеудің проекциясы дегеніміз не?
  6. 6 Перпендикуляр туралы теореманы тұжырымдаңдар.
  7. 7 Қандай жазықтықтар перпендикуляр жазықтықтар деп аталады?

Сабақтың ортасы: негізгі ұғымдар

Перпендикуляр түзулер

Тікбұрыш жасап қиылысқан екі түзу перпендикуляр түзулер деп аталады. Перпендикулярлық «» таңбасымен белгіленеді: AB ┴ CD — бұл AB түзуі CD түзуіне перпендикуляр дегенді білдіреді.

Перпендикулярдың элементтері

  • AC — перпендикуляр.
  • C — перпендикулярдың табаны.

Көлбеу және проекция

  • ABa түзуіне перпендикуляр емес болса, ол көлбеу деп аталады.
  • B — көлбеудің табаны.
  • CBAB көлбеуінің проекциясы.

Дескриптор

Оқушы суреттен перпендикулярды, перпендикулярдың табанын, көлбеуді, көлбеудің табанын және көлбеудің проекциясын анықтайды; «» белгісін ажыратады.

Ой тоқтам: «Кім жылдам?»

Терминдерді жылдам тану үшін қысқа анықтамалар беріледі. Оқушылар әр анықтамаға сәйкес ұғымды табады.

  1. 1 Жазықтықтағы кез келген түзумен тік бұрыш жасап қиылысқан түзу — перпендикуляр.
  2. 2 Жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр емес түзу — көлбеу.
  3. 3 Перпендикулярдың және көлбеудің жазықтықтағы табандарын қосатын кесінді — көлбеудің жазықтықтағы проекциясы.
  4. 4 Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығы — қашықтық.
  5. 5 Перпендикуляр, көлбеу, проекция құрайтын үшбұрыш — тікбұрышты үшбұрыш.
  6. 6 Перпендикуляр, көлбеу, проекцияны байланыстыратын теорема — Пифагор теоремасы.

Дескриптор

Оқушы берілген сөздердің мағынасы қай фигураның немесе ұғымның атауына сәйкес келетінін анықтайды және оларды ажыратады.

2-тапсырма: оқулықпен жұмыс

  • Дәптерге есептерді шығару.
  • Әртүрлі сызықтарды сызу және сызбаларды орындау.

Дескриптор

  1. 1 Дәптерге есептерді шығарады.
  2. 2 Әріп элементтерін көркем әрі ұқыпты жазады.

Сабақтың соңы: кері байланыс және қорытынды

Кері байланыс

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі арқылы сабақ бойынша өз ойларын айтып, түсінгенін қорытындылайды.

Сұрақ-жауап тесті

Өзара тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер қалай аталады?
Перпендикуляр түзулер.
Ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы неге тең?
180°.
Өзара қиылыспайтын түзулер қалай аталады?
Параллель түзулер.
Тікбұрыш жасап қиылысқан түзулердің әр бұрышы неше градусқа тең?
90°.