Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемде туралы түсінік беру
Сабақ тақырыбы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақ мақсаты
-
1
Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
-
2
Жай сөйлем туралы түсінікті тереңдету, оқушылардың ой-өрісін және тіл байлығын кеңейту, сөйлем мүшелеріне талдау жасау дағдысын арттыру.
-
3
Оқушыларды білімге ұмтылдыру, Отанын сүюге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы мен ресурстар
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекілік
- Таблица
- Үлестірмелі кестелер
- Слайдтар
- Перфокарталар
Әдістер
- Баяндау
- Түсіндіру
- Талдау
- Өзіндік жұмыс
- Жаттығулар орындау
- Мәтін құрау
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа зейінін аудару.
-
Сабақты бастауға қолайлы жағдай жасау.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс
Берілген жаттығудың орындалуын тексеру, өткен тақырыптарды пысықтау.
Сызба бойынша жұмыс жүргізіп, ережелерді еске түсіру.
Қайталау сұрақтары
- 1. Сөйлем деген не?
- 2. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері қандай?
- 3. Құрылысына қарай сөйлем қалай жіктеледі?
- 4. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
- 5. Жақты және жақсыз сөйлем деген не?
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Тақырып слайдтар арқылы түсіндіріледі. Негізгі ұғымдар төмендегідей салыстырыла көрсетіледі:
Жалаң сөйлем
Тек тұрлаулы мүшелер ғана қатысқан сөйлем.
Мысалдар
- Қазақстан — мемлекет.
- Қыс келді.
- Күн суытты.
Жайылма сөйлем
Тұрлаусыз мүшелер де қатысқан сөйлем.
Мысалдар
- Отан отбасынан басталады.
- Қыстың алғашқы айы басталды.
- Күн енді суыта бастады.