Молекулалық массасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу

III. Байланыс

Өткен сабақтағы түсініктерді жаңа тақырыппен байланыстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Химиялық диктант

Берілген заттар:

CO2 NaOH H2SO4 Cu(OH)2 Na2O BeO KNO3 CaCO3 H2S BaO H2SiO3 AgCl

2) Қосылыстарды кластарға жіктеу

Оксидтер

CO2, Na2O, BeO, BaO

Негіздер

NaOH, Cu(OH)2

Қышқылдар

H2SO4, H2S, H2SiO3

Тұздар

KNO3, CaCO3, AgCl

IV. Жаңа сабақ: Негіздер

Негіздер — металл атомы мен гидроксо тобынан (OH) тұратын күрделі қосылыстар. Мысалдар: NaOH, Cu(OH)2.

1) Негіздердің жіктелуі

Суда еритін

Сілтілер; ерітіндіде иондарға оңай ыдырайды.

Суда ерімейтін

Тұнба түрінде түзілуі мүмкін.

Екідайлы

Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады.

2) Негіздердің алынуы

1. Металлдың сумен тікелей әрекеттесуі

2Na + 2H2O → 2NaOH + H2

2. Белсенді металл оксиді мен судың әрекеттесуі

Na2O + H2O → 2NaOH

3. Суда ерімейтін негіздердің түзілуі (алмасу реакциясы)

2NaOH + CuCl2 → Cu(OH)2↓ + 2NaCl

3) Индикаторларға әсері

Лакмус

Көгереді.

Фенолфталеин

Таңқурай түске боялады.

Метилоранж

Сары түске боялады.

4) Негіздердің химиялық қасиеттері

1. Қышқылдық оксидтермен әрекеттесуі

2NaOH + CO2 → Na2CO3 + H2O

2. Қышқылдармен әрекеттесуі (нейтралдану)

NaOH + HCl → NaCl + H2O

3. Тұздармен әрекеттесуі

FeCl3 + 3NaOH → 3NaCl + Fe(OH)3

4. Суда ерімейтін негіздердің айырылуы (ыдырауы)

2Fe(OH)3 → Fe2O3 + 3H2O

V. Бекіту жұмыстары

Топтық жұмыс

Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар ұсынылады.

1-тапсырма

1-қатар: реакция теңдеулерін жазу

  • HCl + KOH →
  • KOH + SO2
  • Cu(OH)2
  • KOH + H2S →

2-қатар: айналу (түрлену) теңдеулері

C → CO2 → H2CO3 → CaCO3 → CaO

3-қатар: сәйкестендіру тесті

Формула Молекулалық масса
1 NaOH 74
2 KOH 98
3 Cu(OH)2 40
4 Ca(OH)2 56

Ескерту: оқушылар формула мен молекулалық массаны дұрыс сәйкестендіреді.

2-тапсырма: есептер шығару

1-есеп

4,6 г натрий металы 150 г сумен әрекеттескенде түзілетін сілтінің массалық үлесін есептеңіз.

2-есеп

Массасы 28 г литий сумен әрекеттескенде түзілетін сутегінің көлемін есептеңіз.

3-есеп

Массасы 20 г натрий гидроксиді көмірқышқыл (IV) оксидімен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасын есептеңіз.

VI–VIII. Қорытынды, үй тапсырмасы, бағалау

Қорытындылау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтап, қысқаша қорытынды жасау.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, №4 және №5 жаттығуларды орындау.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.