Жасырын сөздерді тап
Жемістер мен көкөністер
Бұл сабақ күнделікті өмірде қолданылатын таныс және жаңа сөздердің мағынасын түсінуге, сөздік қорды молайтуға, сондай-ақ жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдалы екенін ұғынуға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Таныс және жаңа сөздердің мағынасын түсіну.
- Сөз көлемін ұлғайтып, сөздік қорды молайту.
- Жемістер мен көкөністердің денсаулыққа пайдасын түсіну.
Күтілетін нәтиже
- Тақырып бойынша таныс және жаңа сөздерді түсінеді.
- Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
- Анық сөйлеу арқылы түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер
Маркерлер, қағаздар, презентация, бейнефильм, таратпа материалдар, жемістер мен көкөністер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Тіл дамытуға арналған сұрақтар.
II. Үй тапсырмасы
- Сөздікпен жұмыс.
- Мәтін бойынша түсінік айту.
III. Жаңа тақырып
1) Тақырыпты болжау
Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжап айтыңдар.
2) Сөздік жұмысы
- Бақ
- сад
- Бақша
- огород
- Өседі
- растёт
- Дәрумен
- витамин
- Көп
- много
- Денсаулық
- здоровье
- Пайдалы
- полезный
3) Жаңа сөздермен жұмыс
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырыңдар.
4) Мәтін
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар және аударыңдар.
Мынау — бақ. Бақта алма, алмұрт, шие өседі.
Мынау — бақша. Бақшада сәбіз, пияз, қызылша өседі.
Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп болады. Олар адам денсаулығына пайдалы.
5) Сұрақ-жауап
- 1 Бақшада не өседі?
- 2 Бақта не өседі?
- 3 Көкөністер мен жемістерде нелер көп болады?
- 4 Олар адам денсаулығына пайдалы ма?
IV. Бекіту тапсырмалары
1) Мәтінді толықтыр
Мәтінді суреттер бойынша толықтырып, дұрыс оқыңдар.
Мынау — ….
Бақшада … өседі.
Мынау — ….
Бақта … өседі.
… мен …-де дәрумендер көп болады.
Олар …-ға пайдалы.
2) Сәйкестендір
Берілген сөздерді дұрыс сәйкестендіріңдер.
денсаулыққа
— пайдалы
дәрумендер
— көп
пияз
— көкөніс
қызылша
— өседі
бақ
— жемістер
бақша
— көкөністер
алма
— жеміс
3) Сөйлем құрастыр
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңдар (топпен жұмыс).
1-топ
- Мынау бақша Бақшада қызанақ қияр картоп өседі
- Бұл көкөністерде дәрумендер көп
2-топ
- Мынау бақ Бақта өрік анар шабдалы өседі
- Жемістерде дәрумендер көп
3-топ
- Мынау дүкен Дүкенде ет жұмыртқа ірімшік бар
- Бұл азық-түліктерде дәрумендер көп
4) «Буын ұйқасын тап»
Мысал: ма3 — қызыл алма.
1-топ
Алмұрт, шие, қияр, шай, бауырсақ.
2-топ
Өрік, анар, сәбіз, асқабақ, шырын.
3-топ
Қызанақ, лимон, орамжапырақ, ірімшік, жұмыртқа.
5) «Ойлайық та, ойнайық»
Қоржында жасырылған заттарды алып, олардың дұрыс атауын табыңдар.
6) Жасырын сөздерді тап
Төмендегі әріптер тізбегінен сөздерді табыңдар.
қ ы з а н а қ ы с ш л е й и з ү и м т р я ы т е а н а р л и м о н н ж ш а б д а л ы а л м ұ р т л
7) Бейнефильм
Бейнефильмді мұқият тыңдап, мазмұнын қазақша айтып беріңдер.
Қорытынды
V. Қорытынды және бағалау
Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысына кері байланыс беру және бағалау.
VI. Үй тапсырмасы
- Сөздікпен жұмыс.
- Мәтін бойынша түсінік айту.