Қилы кезең Тәуелсіздік жолында
Машықтандыру (семинар) сабағы
«Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!» тақырыбындағы машықтандыру (семинар) сабағы Бастауыш білім беру бөлімі ІІІ–IV курс студенттеріне арналған.
Мақсаты (білімділік)
Елдің тарихи даму кезеңдері және Елбасы саясаты туралы білімді жүйелеу, нақтылау.
Мақсаты (тәрбиелік)
Болашақ мамандарды отансүйгіш рухта тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігін нығайту.
Мақсаты (дамытушылық)
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, дауыс ырғағын дұрыс қолдана отырып аудиторияны тыңдата білу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі
Машықтандыру (семинар) сабағы.
Көрнекілігі
Презентация, бейнероликтер, кітаптар және қосымша дереккөздер.
Негізгі әдістер
- Деңгейлік тапсырмалар (ізденіс бағыты).
- Сын тұрғысынан ойлау (эссе жазу және «бес жолды өлең»).
Сабақтың барысы
I. Кіріспе
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
II. Негізгі бөлім
Студенттердің жинақтаған ақпараттарын тыңдау.
III. Қорытынды
Қорытынды сөз, бейнеролик және жабылу рәсімі.
Қорытынды бөлімге арнау
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан – Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана,
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекелеріңіз құтты болсын, көпшілік,
Елбасының құрметіне жиылған!
Кіріспе сөз (өңделген мәтін)
Мемлекет басқару ісі – машақатты да мәртебелі міндет. Басшысы білікті елдің берекесі артып, халқының еңсесі биіктейді. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халықты бірлікке ұйыстырып, елдің жаңа бағытын айқындауда Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі ерекше болды. Елбасының бастамаларымен Қазақстан әлемге танылып, мемлекетіміз өз елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
Егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары еліміздің болашағына күмәнмен қараған пікірлер де болғаны жасырын емес. Алайда ар-намысты ту еткен, ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтардың табандылығы бізді бүгінгі жарқын күнге жеткізді.
Осыған орай, бүгінгі машықтандыру сабағымызды әділеттің ақ жолын ту еткен, елдің егемендігі мен ынтымағын, тұтастығы мен бірлігін бірінші орынға қойған, ұрпақ санасына айрықша мән берген, әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнаймыз.
1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізілетін «Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!» атты машықтандыру (семинар) сабағын ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
Сөз кезегі: ____________________________
Негізгі бөлім: тақырыптық бағыттар
Төмендегі бөлімдер бойынша студенттер өздері жинақтаған материалды таныстырады, талдайды және пікір білдіреді.
-
1
Қилы кезең: тәуелсіздік жолында
-
2
Тәуелсіздік – тұғырым: тәуелсіз ел
-
3
Өмірдерек: Елбасының өмірбаяны
-
4
Мемлекеттік рәміздер: тарихы және бүгіні
-
5
Ұлттық валюта: теңге тарихы
-
6
Ұлы достық: ынтымақ пен бірлік
-
7
«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса!»: Ата заң
-
8
Мемлекеттік тіл – менің тілім
-
9
Астана – бас қала
-
10
Кемеңгер Елбасы
-
11
«Нұрлы жол» – болашаққа бағыт
-
12
Эссе: «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан»
Оқылатын бөлім
Елбасына арналған шығармалар/өлеңдер: ____________________
Қорытынды сөз және бейнеролик
Бейнеролик
«Өз елім Қазақстан – бақытты ел»
Қазақстан – бақытты ел. Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – осындай тарихи тұлға.
Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға толық негіз бар. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан» — бұл бүгіннің шындығы. Халықаралық қауымдастықтың мойындауынан-ақ «Назарбаев» десе — Қазақстан, ал «Қазақстан» десе — Назарбаев ойға оралатыны анық аңғарылады.
Түйін
Халқым айтқан — жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан — ел көтерер жер даңқын.
Президентім, Елбасым, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Осымен «Бақыт – бағасын білгеннің ғана басында тұрады!» атты машықтандыру (семинар) сабағымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Қорытынды сөз кезегі: ____________________________