Тексеру әдісі

Технология (11-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Өрнектеп тоқу түрлері

Сабақтың типі

  • Сұрақ-жауап
  • Өз бетімен жұмыс
  • Белсенді тақта
  • Үлестірме парақтар
  • ACTIVote тестілеу жүйесі

Сабақтың мақсаты

Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі — тоқыма өнерімен таныстыру, қолмен тоқу дағдыларын жан-жақты меңгерту, сондай-ақ тоқыманың тұрмыстағы қажеттілігі мен қазіргі өмірдегі орнын түсіндіру.

1) Білімділік мақсаты

Бес инемен және ілмек инемен тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету. Сызба мен технологиялық нұсқаулықты түсініп, тоқи алу дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсаты

Оқушының шеберлігін, ой-өрісін және көркемдік талғамын арттыру; шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсаты

Өз бетінше жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесуге, ұқыптылыққа, әсемдікке, сұлулық пен тазалықты бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Цифрлық ресурстар

  • Флипчартқа сілтеме
  • Видеофайлға сілтеме
  • Ресурс кітапханасымен жұмыс
  • «Сұрақтар шебері»

Материалдар мен құралдар

  • Бес ине
  • Ілмек ине
  • Әртүрлі тоқуға арналған жіптер
  • Дайын тоқылған бұйымдар
  • Шартты белгілер, суреттер

Сабақ жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Кабинет пен тақтаны сабаққа дайындау.
    • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
    • Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату.
    • Өткен сабақта орындалған жұмыстарға талдау жасау.
    • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
    • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. 2

    Өткен сабақты қайталау

    Тексеру әдісі: ою-өрнек түрлері мен атауларын шатастырмай табу (карточкамен жұмыс).

  3. 3

    Жаңа сабақты түсіндіру

  4. 4

    Кіріспе инструктаж

  5. 5

    Сарамандық жұмыс

  6. 6

    Бекіту инструктажы

  7. 7

    Жұмыс орнын жинақтау