Математикалық сөзжұмбақ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақ ұлттық ойын элементтерімен ұйымдастырылған жарыс түрінде өтеді. Негізгі мақсат — оқушылардың есепті теңдеу құру арқылы шешу дағдыларын қалыптастыру және ойлау әрекеттерін дамыту.
Мақсаты
- Оқушыларды есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйрету.
- Логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту; шапшаң есептеу, есте сақтау және зейінді жетілдіру; топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Қызығушылықты арттыру, білімқұмарлыққа баулу; сыйластыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Түрі
- Жарыс
- Әдіс-тәсілдері
- Талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс және т.б.
- Көрнекілігі
- Логикалық тапсырмалар, ат макеттері, тақта, эмблемалар, ойындар, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Мұғалім оқушыларға сабақтың ерекше өтетінін айтып, сыныпқа келген қонақтарға ілтипат білдіруді ұсынады.
Шаттық шеңбер
Сәлем бердік сіздерге,
Сәлем бердік біздерге,
Мен саған, сен маған,
Біз бақытты баламыз,
Бестік баға аламыз.
Топқа бөлу
- «Жүйрік» тобы
- «Алғыр» тобы
- Әр топ өз басшысын сайлайды.
Үй тапсырмасы
№6 есеп, 151-бет.
Өткен материалды пысықтау
Ауызша есептеуге арналған тапсырмалар орындалады. Қосымша тапсырма: берілген сандардың орналасуына қарай сөздерді оқып, олардың бүгінгі сабақпен байланысын анықтау.
II. Жарыс форматы: «Бәйге»
Оқушылар ұлттық ойын — ат жарысы (бәйге) үлгісінде жарысады. Жарыс жолы — 8 километр. Әр кезеңде қызықты тапсырмалар орындалып, мәреге бірінші жеткен топ жеңімпаз атанады.
I топ
Тор ат (қоңыр түсті)
II топ
Күрең қасқа ат (қызыл, қызғылт түсті)
III. Жаңа сабаққа кіріспе: Тәуелсіздік күні
Мұғалім оқушылардан ертең қандай мереке екенін сұрайды: 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін азаттыққа жету жолы оңай болған жоқ. Арада төрт жыл өткен соң, 1990 жылы 17 желтоқсан Республикалық жаңару күні деп жарияланды. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Тәуелсіздіктің арқасында халқымыздың асыл арманы асқақ әнге айналды. Егемендік дегеніміз — елдің еркін, дербес мемлекет болуы.
IV. Дәптермен жұмыс: 1 километр тапсырмасы
Математикалық сөзжұмбақ: берілген өрнектерді есептеп, жауаптарын сөзжұмбаққа сөзбен жазыңдар.
-
1. Тәуелсіздік үшін өз өмірін құрбан еткен жан?
Қайрат
-
2. 80 бен 75-тің айырмасы нешеге тең?
Бес
-
3. Геометриялық фигура.
Дөңгелек
-
4. 1 метрде 10-нан болатындай қандай өлшем бірлігі?
Дециметр
-
5. Масса өлшем бірлігі.
Центнер
-
6. S = a × b — ненің формуласы?
Аудан