Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу

Кіріспе сөз

Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы, қадірлі қонақтар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Аққу» ортаңғы тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы – 2013» мерекелік байқауын ұсынамыз.

Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ пен балабақшадағы бал дәурен — баланың ең бақытты, ең алаңсыз кезеңі. Біз ұлдарымызбен қатар, қыздарымыздың да ақылды, парасатты, тәрбиелі әрі инабатты болып өсуін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін бірге тамашалап, куә болайық.

Өтініш:

Әділқазылар алқасы сайыс кезеңдері бойынша бағаларын жариялап отырады. Өнерде кім озады — сол сыйлыққа ие болады.

Әділқазылар алқасы

  • 1) Аты-жөні: толықтырылады
  • 2) Аты-жөні: толықтырылады
  • 3) Аты-жөні: толықтырылады
  • 4) Аты-жөні: толықтырылады

Сайыстың ашылуы

Уа, халайық, халайық, бәріміз назар салайық. Балабақшаның мерекесін, сайысын біз бастайық!

Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз. Мың бұралған арулар аңдап басып, ортаға толқып-таcып келді. Аруларын сыйлаған халқым менің, көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Сайыс шарттары

  1. 1

    Менің ата-тегім

    Өзін-өзі таныстыру.

  2. 2

    Дәрумендер — денсаулық сақшысы

    Күзгі байлықтардан жарнама жасау.

  3. 3

    Өнерлі өрге жүзер

    Өз өнерлерін көрсету.

  4. 4

    Кім ойға жүйрік?

    Жұмбақ шешу.

  5. 5

    Шебер қолдар

    Ата-анамен бірлесіп жасалған қолөнер жұмыстары.

  6. 6

    Әсем біздің арулар

    Сән үлгісін көрсету.

I кезең: «Менің ата-тегім»

Қатысушылар реттік нөмірі бойынша ортаға шығып, өзін таныстырады.

Назым

Бір үйдің кішкентай қызығымын,

Лала гүлдің үлбіреген үзігімін.

Серік атты әкемнің қарашығы,

Назым деген сымбатты қызымын.

Дөңгеленіп билеймін,

Шырқап ән де саламын.

Анам менен әкемді

Тыңдайтын бір баламын.

Жанель

Өзін-өзі таныстыру мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Жансұлу

Өзін-өзі таныстыру мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Кәусәр

Өзін-өзі таныстыру мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Айбибі

Таныстырып өтейін мен өзімді:

Атым — Айбибі, Бауыржанның қызымын.

Жиналған қызғалдақтай қыр гүлімін.

Руым — Найман, ішінде Байназармын,

Созбалап айта беріп не етпекпін —

Мен үйдің ерке өскен бір қызымын.

Бүгінгі ханшайымдар сайысында

Жеңімпаз мен болам деп ойлаймын.

Әділқазыларға: «Өзін-өзі таныстыру» кезеңі бойынша бағаларын көрсету сұралады.

II кезең: «Дәрумендер — денсаулық сақшысы»

Қатысушылар күзгі өнімдерді таныстырып, пайдалы қасиеттерін жарнамалайды.

Назым — алма

Жарнама мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Жанель — алма

Жарнама мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Жансұлу — сәбіз

Жарнама мәтіні берілмеген (толықтыруға болады).

Айбибі — қызанақ

Талшыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған мен — қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Кәусәр — қияр

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

III кезең: «Өнерлі өрге жүзер»

Арулар өздері дайындаған өнерлерін ортаға салады.

Қатысушы Өнер түрі Сүйемелдеуші
Назым «Қаражорға» биі Мұратбек
Жанель Өзбек биі Сұлтанбек
Жансұлу Кәріс биі Ибадулла
Айбибі «Анашым» әні Мұхамбетхан
Кәусәр «Айгөлек» әні Қанай

Әділқазылар бағасы: өнер көрсету кезеңі бойынша бағалар жарияланады.

IV кезең: «Кім ойға жүйрік?»

Қатысушылар реттік белгісі бойынша ортаға шығып, ұнатқан жеміс-жидектерін таңдап, соларға қатысты жұмбақтарды шешеді.

Табиғат құбылыстары

  • Жапырақты бояды, атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын сап-сары ғып қояды.

    Жауабы: Күз

  • Көктен түседі, жер ішеді.

    Жауабы: Жаңбыр

Көкөністер мен жемістер

  • Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.

    Жауабы: Сәбіз

  • Көк лағым көгенде тұрып семіреді.

    Жауабы: Қарбыз

  • Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім.

    Жауабы: Қауын

  • Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс.

    Жауабы: Жүгері

  • Аспай піскен, қайнамай түскен.

    Жауабы: Жеміс

  • Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты.

    Жауабы: Алма

  • Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар.

    Жауабы: Қырыққабат

  • Мысық мұртты, өрмек басты.

    Жауабы: Бидай

V кезең: «Шебер қолдар»

Бұл кезеңде арулар ата-аналарымен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстарын әділқазыларға ұсынады.

Әділқазылар бағасы: қолөнер жұмыстары бойынша бағалар жарияланады.

VI кезең: «Әсем біздің арулар»

Қатысушылар сән үлгісін көрсетіп, өз образын таныстырады.

Әділқазылар бағасы: сән көрсету кезеңі бойынша бағалар жарияланады.

Қорытынды

Білім, ғылым, өнерге қанат қағар кездерің. Еліміздің ертеңі — үміт етер өздерің.

Осымен «Күз ханшайымы – 2013» байқауы аяқталды. Қатысушы аруларға орындар беріліп, марапатталады.