Сөздерді топтастыру

Сабақтың тақырыбы

Сөздерді топтастыру. Зат есім.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: сөздерді топтастыру және зат есім туралы толық мәлімет беру; оқушының ой-пікірін қалыптастыру.
  • Дамытушылық: ой-өрісін кеңейту, ойлау белсенділігін арттыру, сөйлеу шеберлігін және тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
  • Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге; адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы деректер

Түрі
Қалыпты сабақ
Типі
Жаңа сабақ
Формалары
Жеке оқушымен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс

Әдістері мен көрнекілігі

Әдісі

Түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздар, тірек сызбалар.

Сабақтың өтілу барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшінің мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Ұстаным

«Қайталау — оқу анасы»

Мақалдың бір данасы: өткенді еске түсірсең, ешкімнің жоқ таласы.

Бүгінгі сабақта халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта деп алып, жарыс түрінде топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топ атаулары ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл іске негізделеді.

Топтарға бөлу және таныстыру

1) «Талап» тобы

Талабың болса тайсалма,
Өзіңді өзің байқа да.
Талаптансаң жеңесің
Қиындықты қашанда.

2) «Еңбек» тобы

Еңбек етсең ерінбей,
Еңбегің қалмас көрінбей.
Зор табысқа кенелтер
Құлшына еткен еңбек қой.

3) «Терең ой» тобы

Терең ой — сенің қанатың,
От болып ылғи жанатын.
Білімділігің мен іскерлік
Сені іздеп те табатын.

4) «Қанағат» тобы

Қанағат — асыл қасиет,
Адал жүректі ақ ниет.
Қанағатшыл бол әрқашан,
Пайдасы тиер сан рет.

5) «Рақым» тобы

Рақым — сенің ұятың,
Бойыңдағы асыл ұятың.
Рақымды болса әр адам,
Жанында ылғи болатын.

Үй тапсырмасына байланысты топтық жұмыстар

Әр топ жетекшісі өз тобынан бір оқушыға тест тапсырмасын, ал басқа бір оқушыға фонетикалық талдау тапсырмасын береді. Жауаптар топ жетекшісінің бағалау парағына белгіленеді.

Тест тапсырмалары

«Талап» тобы: Ашық буынды сөздерді табыңдар.

  • а) Орман
  • ә) Мектеп
  • б) Алша
  • в) Дәптер
  • г) Жаңбыр

«Еңбек» тобы: Қос сөзді табыңдар.

  • а) Бесжылдық
  • ә) Әп-әдемі
  • б) Қара көк
  • в) Қос құдық
  • г) Әдемілеу

«Терең ой» тобы: Біріккен сөзді табыңдар.

  • а) Механикалық
  • ә) Итмұрын
  • б) Шаруашылық
  • в) Ұзынды-қысқалы
  • г) Демеуші

«Қанағат» тобы: Тіркес сөзді табыңдар.

  • а) Қой бағу
  • ә) Қой мойын
  • б) Күй аты
  • в) Ойынды қой
  • г) Балалар келеді

«Рақым» тобы: Қысқарған сөзді табыңдар.

  • а) Қолғанат
  • ә) Медколледж
  • б) Медетбек
  • в) Қорықтық
  • г) Сапарлас

Фонетикалық талдау

Әр топқа төмендегі сөздердің біреуі беріледі:

  • 1) Оқушылар
  • 2) Сыныпта
  • 3) Көгершін
  • 4) Жапырақ
  • 5) Достары

Үлгі

Берілгені: Оқушылар

Шешуі: 0 = 8; 8 = 4+4 (дауысты/дауыссыз). 4 дауысты (о, у, ы, а), 4 дауыссыз (қ, ш, л, р).

Бағалау парағы (үлгі)

Реті Жауап берген оқушының аты Бағасы (5/4/3/2)
1
2

Үй тапсырмасының нәтижесі топ жетекшілерінің бағалау парақтары арқылы қорытындыланады.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Бұл сабақта сөздерді топтастыру және зат есім тақырыбы түсіндіріледі. Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды.

Қазақ тіліндегі сөз таптары (9)

Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.

Зат есім дегеніміз не?

Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.

  • кім? әке, оқушы
  • не? тау, ауыл

Жалпы есім және жалқы есім

Жалпы есім — біртектес заттардың ортақ атауы.

Жалқы есім — заттардың ішіндегі бір түріне ғана қойылған жеке атау.

Мысалы: кісі, адам — жалпы есім; ал Сұлтан Бейбарыс, Нұрсұлтан — жалқы есім.

Жалқы есімдерге, әдетте, адамның аты-жөні, мемлекет пен өңір атаулары, қала-көше атаулары, ұйым-мекеме аттары, географиялық атаулар, шығармалар атауы, сондай-ақ жануарларға қойылған ерекше аттар жатады.

Ереже: жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

IV. Жаттығу және өзіндік жұмыстар

118-жаттығу

Өздерің білетін жалқы есімдерді еске түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

Өзіндік жұмыс 1

Жер-су және географиялық атауларды қатыстырып 10 сөйлем құрап жазыңдар.

Өзіндік жұмыс 2

Газет, журнал, кітап, ән, күй, шығарма атауларын қатыстырып 10 сөйлем құрап жазыңдар.

V. Қорытынды және бағалау

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа тақырып қорытындыланады.
  2. Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Өзіндік жұмыс: жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып, «Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.