Балалардың қиялын дамыту
Ортаңғы топқа арналған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: “Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі”
Білім беру салалары: Таным, Шығармашылық
Бөлімдері: “Қоршаған ортамен таныстыру”, “Музыка”
Мақсаты: Ертегі желісін музыкалық композициялармен байланыстыра отырып, балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру; шығармашылық қабілетін арттыру; музыкалық ырғақ арқылы қиялын дамыту; елестету арқылы артикуляциялық гимнастиканы және қол моторикасын жетілдіру.
Сабақтың барысы
Кіріспе: залға кіру
Балалар В. Шаинскийдің “Улыбка” әнімен залға кіріп, шеңбер бойымен жеңіл жүріп тұрады.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңымыз,
Қайырлы болсын күніміз.
Шуақты күннің сәулесі
Жайнасын бүгін жарқырап!
Музыка жетекшісі: “Балалар, біз екі тілде амандаса аламыз ба?”
Балалар: “Иә! Сәлеметсіз бе! Здравствуйте!”
“Здравствуйте” (муз. Картушин). Балалар әндете отырып амандасады.
Ғажайып гүлдер әлеміне саяхат
Музыка жетекшісі: “Балалар, сендер ғажайып сәттерге сенесіңдер ме?”
“Бүгін мен сендерді таңғажайып гүлдер әлеміне шақырамын. Мына сиқырлы гүлдер бізді тез-ақ жеткізеді.”
“Гүлдер, гүлдер, әдемі гүлдер,
Сендер бізді таңғажайып гүлдер әлеміне жеткізіңдер!”
Балалар “гүлдерге” отырады, көздерін жұмады. Музыка ойнайды. Көздерін ашып, алақандарын созып, жеңіл керіледі.
I. Музыкалық-ырғақты қимылдар (қиял мен елестетуді дамыту)
Г. Гладковтың “Добрая фея” әуенімен балалар музыкалық-ырғақты қимылдар орындайды:
- Гүл “ұйықтап жатыр”.
- Гүл “оянады”.
- Гүл “ашылады”.
- Гүл “өседі”.
- Гүл “жайқалып билейді”.
Музыка тоқтағанда балалар шарфтың ішіндегі жылтырларды нәзік қимылмен жан-жаққа шашады.
“Міне, балалар, біз ғажайыптар әлеміне келдік! Ал мынау — ең әдемі гүл.”
(Залдың ортасында үлкен гүл тұр. Жапырақтары лентамен байланған.)
“Балалар, гүлдің ішінде біреу бар сияқты. Кім екен?” Лентаны шешкенде ішінен көңілсіз Түймедаққыз шығады.
II. Көңіл күйді музыка арқылы ажырату (қиялды дамыту)
Музыка жетекшісі балаларға әуен тыңдатып, Түймедаққыздың көңіл күйін анықтауды ұсынады.
Әуен: көңілсіз әуен
Балалардың жауабы: “Көңілсіз, мұңлы.”
Түймедаққыз достарының үйін бүйе ұрлап кеткенін айтып, көмек сұрайды.
“Бірақ қайдан іздейміз, қайда барамыз?” Балалар шыршада отырған көкектен көмек сұрайды. (Көкек шыршаның төменгі жағында қонып отырады.)
III. Дауыс жаттығуы: регистрлерді ажырату
Көкек: “Томаршақтың артында іздеген гүлдеріңді тапсырма арқылы табасыңдар.”
Тақтада үш түрлі биіктіктегі томаршақтың суреті көрсетіледі.
Музыка жетекшісі балалардан сұрайды: “Балалар, неше регистр бар?”
Жауап: “Үш регистр бар: төмен, орташа, жоғары.”
Балалар үнтаспадан шыққан дыбыстың биіктігін ажыратып, оны томаршақтардың биіктігімен салыстырады. Томаршақтардың астын ашып қарайды.
IV. Дыбыс биіктігін ажырату
Томаршақтың артындағы гүлдің үстінде бүйе отырады.
“Міне, балалар, Түймедаққызды ренжіткен кейіпкерді таптық!”
(Бүйе гүлдің үстінде ренжулі, ашулы болып отырады.)
V. Бет қимылы және қол моторикасы (артикуляциялық гимнастика)
“Бәріміз ашулы бүйені бет қимылымызбен көрсетейік, ал қол моторикасы арқылы өрнегін бейнелейік.”
Музыка жетекшісі: “Мынау не, балалар?”
Балалар: “Тіл.”
“Тілімізді бүйе деп елестетейік.” Балалар артикуляциялық гимнастика жасайды: “Тіліміз — бүйеміз.”
Бүйе: “Келесі гүлдеріңді тапқыларың келсе, гүлбақтан іздеңдер.”
Жол көңілді болуы үшін балалар достық туралы ән орындайды.
Ән: “Достарым”
VI. Ритмикалық ырғақ: карточкалармен жұмыс
Мольбертте ат, кірпі, тиін, аю, жолбарыс суреттері бар карточкалар бір-бірден ашылады.
“Мен бір аңның музыкасын үнтаспаға қосамын. Ал сендер қай аңның әуені екенін ажыратыңдар. Сол аңдар гүлдерімізді тығып отыр.”
Балалар аңдардың атын атап, буынға бөліп шапалақтайды. Содан кейін малдас құрып отырып, қолдарын тізесіне қойып, саусақтарын біріктіріп, көздерін жұмып музыка тыңдайды.
“Балалар, қалған гүлдеріміз өзеннің ар жағында екен. Бұл — жай өзен емес, сиқырлы өзен: ол өзін мақтағанды, музыкасын тыңдап елестеткенді жақсы көреді.”
VII. Тыңдау: музыкалық шығарманың мінезін анықтау
Музыка: К. Сен-Санс — “Аквариум”
Балалар музыканы тыңдап, елестету арқылы қалған гүлдерді табады. Осылайша Түймедаққызға және оның достарына көмектеседі.
Сиқырлы әуен естілгенде кішкентай эльф-көбелектер келеді.
“Қане, балалар, эльфтерді өз гүлдеріне орналастырайық!”
Музыка жетекшісі кішкентай көбелектерді балаларға үлестіреді. Балалар оларды алаңдағы гүлдерге орналастырып қояды.
Түймедаққыз алғысын білдіріп, балаларға музыка аспаптарының карточкаларын сыйға тартады.
Қорытынды
Ертегі әлеміне кеш батты,
Қараңғы түн жерімді жапты.
Ертегі тынысы маужыратып,
Көбелектер кетті ұйқыға батып.
Оларға да ғажайып түс енсін.
Музыка жетекшісі: “Балалар, оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? Несімен ұнады?”
Балалар әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
“Маған да сендермен өте қызықты болды. Келесі жолы сендерді жаңа ертегі әлемі күтеді. Сау болыңдар!”
Балалар көңілді музыкамен залдан шығып кетеді.