Жаңылтпашты оқы және жаңылмай жатқа айтып көр
Табиғатқа саяхат. «Ә» дыбысы мен әрпі (1-сынып)
Бұл сабақ жоспары 1-сынып оқушыларына «Ә» дыбысы мен әрпін меңгертуді, тыңдалым мен оқылым арқылы сөздік қорын байытуды және ауызша әрі жазбаша тілін дамытуға бағытталған.
Оқу мақсаттары
- 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою.
- 1.3.4.1 Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер арқылы жеткізу.
- 1.9 Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: жаңа білімді меңгереді.
Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, дүниетану, музыка.
АКТ және тілдік құзыреттілік
Аудиожазба, таныстырылым.
Сөздік:
Әке — отец — father
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы көңіл күй сыйлауға бағытталған өлең жолдарын айту.
Өлең:
Армысың, досым,
Кел, маған қосыл.
Алақанды алақанға салайық,
Шеңберге бірге тұрайық.
Жер шарындай айналып,
Жарық әлемге ұқсайық.
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны салайық.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезіну — қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топқа бөлу
- 1-топ: дауысты дыбыстар
- 2-топ: дауыссыз дыбыстар
- 3-топ: буындар
- 4-топ: сөздер
Тыңдалым: қызығушылықты ояту
Жұмбақты шешіп, тақырыпқа бағыттау.
Жұмбақ:
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
Жауабы: әтеш
Бейнетыңдалымға назар аударайық.
Сабақтың ортасы
Оқылым (бірлескен оқу)
«Ә» дыбысы бар сөздерді мәнерлеп оқып, дұрыс дыбыстауға көңіл бөлу.
Сөздер:
ән, сән, дән, әке, Сәкен, тәтті, дәрі, дәрігер, тәулік, сәуір, Дәуір, Әсет
№2 Жаңылтпаш
Оқып, жаңылмай жатқа айтып көр.
Келген малшы — әрі әнші,
әрі аңшы.
Айтылым: топтық тапсырмалар
- I топ: криптограмма
- II топ: тез ойла, сөз құра
- III топ: орнын тап
- IV топ: мәтін құра
Сергіту сәті
«Көңілді күн» би қимылдарын қайталау.
Жазылым
Көркем жазу:
Ә — ә
Жаңылтпашты жазу:
Келген малшы — әрі әнші,
әрі аңшы.
Қызықты тапсырмалар
I топ: «Тез ажырат, жапсыр»
ана, әже, алма, әтеш, шана, дәрі, аққала, сән, тамақ, ән
II топ: «Сәйкестендір»
Берілген сөздер мен мағыналарын сәйкестендір.
III топ: «Полиглот»
- Дәрігер — врач
- Ән — песня
- Әке — отец
- Әже — бабушка
- Сән — мода
IV топ: «Пирамида»
Ән
Әке
Әтеш
Әдемі
Әліппе
Айқын назар
Сабақ бойындағы негізгі ой — «Ә» дыбысы бар сөздерді дұрыс айту, оқып түсіну және түрлі тапсырмалар арқылы қолдану.
Ақпарат
Мекеме
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Қажапова Ұлболсын Темірбекқызы