Өлең құмырсқа туралы
Түсініктеме
«Елімнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса — қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа», — деген ойға сүйене отырып, жас бүлдіршіндердің бойына ұлттық рухты ұялату және болашақта Қазақстанды өркендететін білімді, білікті, еңбекқор азамат тәрбиелеу мақсатында «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мазмұны
- Адам өміріндегі еңбектің орны туралы талқылау.
- Еңбек туралы оқушылардың пікірін тыңдау.
- Мақал-мәтелдердің мән-мағынасын ашу.
- Ертегі кейіпкерлері арқылы еңбектің қадірін ұғындыру.
Мақсаты
Еңбекті адамзат тарихындағы құндылық ретінде бағалайтын, оны құрметтейтін және өмірлік жағдайларда қолдана білетін елжанды тұлға қалыптастыру.
Міндеттері
- Оқушының өз ойын еркін жеткізуіне, өзіне сенімді жұмыс істеуіне бағыт беру.
- Бейнелі әрі зерделі ойлауды қалыптастыру.
- Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісті дамыту.
Тәрбие сағатының барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Үлкенге де — Сіз,
Кішіге де — Сіз.
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Ребус
Шешуі: еңбек
Сұрақтар
- Бүгінгі тақырыбымыз не туралы?
- Еңбек адамға не үшін қажет?
- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
- Өмір сүру үшін ең алдымен не қажет?
Еңбектің өмірдегі орны
Өмір сүру үшін адамға ең алдымен ауа, су, тағам қажет. Ауа мен су — табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні — нан. Нан еңбекпен келеді. Тағамнан бөлек киім, білім, үй, денсаулық — барлығы да еңбектің нәтижесі.
Мақал: «Ас атасы – нан»
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап.
— Қайдан келдің, бауырсақ? — деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім, нан сатқан, — деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім, нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім кең жақтан.
Жер — анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Талқылау
- Көрініс не туралы?
- Бауырсақ дастарханға қалай келеді?
- Үйде бауырсақты не үшін және қалай пісіреді?
Негізгі ой
Дастарханға келген әр дәннің, әр үзімнің артында үлкен еңбек бар. Еңбекпен келген нанды қадірлеу — адамгершіліктің белгісі.
Өлең: Нанды қастерлеу
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Ойын: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Шарты: Бауырсақтың қайдан келгенін көрсететін суреттерді ретімен орналастыру.
- Егін
- Диірмен
- Наубайхана
- Дүкен
- Дастархан
«Сиқырлы терезе» тапсырмасы
Оқушылардың алдында әртүрлі суреттер беріледі. Солардың ішінен бауырсаққа қатысы барын таңдау керек. Дұрыс жауап: қазан.
Қаншама еңбектің нәтижесі болған нанды әрдайым қастерлейік, қадірлейік.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Көрді допты жолдағы,
Олай шығып қарады,
Бұлай шығып қарады —
Үлкен тау деп ойлады.
Сұрақ-жауап
- Өлең не туралы?
- Құмырсқа қайда бара жатты?
- Құмырсқаны қандай жәндік деп білеміз?
Қорытынды: Құмырсқа — еңбекқор жәндік. Ол бізге табандылық пен ұқыптылықтың үлгісін көрсетеді.