Мидың бөлімдері

Маңғыстау облысы · Жаңаөзен қаласы · Теңге ауылы

Жолдасбаева Зәуре Конакбаевна

Сабақтың тақырыбы

Ми. Мидың бөлімдері.

Сабақтың мақсаты

Мидың құрылысы, бөлімдері және қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: мидың құрылысы, бөлімдері, қызметі туралы білімді қалыптастыру.
  • Дамытушылық: есте сақтау, ойлау, жаттау, баяндау, көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: ағзаның күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттейтін ми бөлімдері арқылы денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

  • Көрнекілігі: плакат, мидың нақ пішіні (муляж), слайдтар.
  • Сабақтың түрі: аралас.
  • Әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, салыстыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, оқу құралдарын және қатысымды тексеру.

II. Үй жұмысын сұрау («Кім тапқыр?»)

  1. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
  2. Жұлын дененің қай жерінде орналасады?
  3. Жұлынның сұр заты неден тұрады?
  4. Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай?
  5. «Жұлын жүйкесі аралас» дегенді қалай түсінесіңдер?
  6. Жұлынның ақ заты неден құралады? Ол жұлынның қай жағында орналасқан?
  7. Жұлынның рефлекстік қызметін атаңдар.
  8. Жұлынның сұр затында неше түбір болады?
  9. Жұлыннан неше жұп жүйкелер таралады?
  10. «Жұлынның жүйке орталығы» дегеніміз не?
  11. Жұлын қанша түрлі қызмет атқарады?
  12. Менингит ауруы және оның белгілерін атаңдар.

Биологиялық диктант

  1. Егер рефлекстік доғаның бір бөлігі зақымданса, __________ жойылады.
  2. Рефлекстік доға __________ басталады.
  3. Жүйке жүйесі мүшелердің __________ реттейді.
  4. Нейронның денесіне қозу __________ арқылы келеді.

Тапқыр болсаң, тауып көр!

III. Жаңа тақырып: ми бөлімдері

Негізгі бөлімдер

  • 1. Үлкен ми сыңарлары
  • 2. Аралық ми
  • 3. Ортаңғы ми
  • 4. Ми көпірі
  • 5. Сопақша ми
  • 6. Мишық

Ми туралы жалпы мәлімет

  • Ми бассүйектің ми сауытының ішінде орналасады.
  • Орташа салмағы: 1300–1400 г.
  • Ми ақ зат пен сұр заттан тұрады.
  • Жұлыннан айырмашылығы: мида ақ зат ішкі қабатта, сұр зат сыртқы қабатта орналасады.
  • Мида ми сұйықтығына толы қуыстар болады. Олар ми қарыншалары деп аталады (ішінде мөлдір, тұтқыр сұйықтық болады).

1) Сопақша ми

  • Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.
  • Ұзындығы: 2,5–3 см.
  • Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасады.
  • Рефлекс орталықтары: ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату.
  • Тіршілікке маңызды орталықтар: тыныс алу, қан тамырлары, ас қорыту қызметін реттеу.

2) Артқы ми: мишық және ми көпірі

Ми көпірі

Ортаңғы ми мен сопақша мидың арасында орналасады. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстыратындықтан «ми көпірі» деп аталады.

Мишық

Сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді, әсіресе мойын, тұлға және аяқ-қол қимылдарын, тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Мишық қызметі бұзылса: адам (немесе жануар) теңселіп жүруі, тез шаршауы, қозғалыстың дәлдігі мен сөйлеудің бұзылуы мүмкін.

3) Ортаңғы ми

  • Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасады.
  • Алдыңғы ми мен артқы миды өзара жалғастырады.
  • Кенеттен шыққан дыбыс пен жарық тітіркендіргіштеріне жедел бағдарлануды реттеуге қатысады.
  • Тері пигменттерінің түзілу үдерістеріне ықпал етеді.

Ми бағанасы — мишықтан басқа ми бөлімдерінің жиынтығы. Одан 12 жұп бассүйек-ми жүйкелері таралады (мысалы: көру — II жұп, есту — VIII жұп, көз қимылын реттеуші — III жұп, кезеген — X жұп).

4) Аралық ми

  • Ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасады.
  • Көру, дәм сезу, есту және басқа рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарлары қыртысына өтеді.
  • Зат алмасуды, жүрек-қантамыр жүйесін, ішкі секреция бездерін, зәр шығаруды, ұйқыны реттеуге қатысады.
  • Ішкі ортаның тұрақтылығы: дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының қалыпты сақталуы аралық ми қызметімен байланысты.

Денсаулыққа байланысты ескерту: менингит

Ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы нәтижесінде, әсіресе сәбилер мен балаларда менингит (делбе) деп аталатын жұқпалы ауру кездесуі мүмкін. Негізгі белгілері: бас ауруы, құсу, естен тану және т.б.

Ми салмағы және даму ерекшелігі

  • Жаңа туған баланың ми салмағы шамамен 100 г.
  • 1 жаста — екі есеге жуық ұлғаяды; 6 жаста — 1 кг-нан асады.
  • 20–30 жаста толық қалыптасады; 60 жастан кейін кішіреюі байқалуы мүмкін.
  • Кей жануарларда ми салмағы адамнан ауыр болуы мүмкін: кит — 7000 г, дельфин — 5200 г, піл — 4000 г.
  • Адамның ақыл-ойы мен дарындылығын ми салмағымен тікелей байланыстыруға болмайды: қызмет тиімділігі сұр зат көлеміне және ондағы нейрондардың байланыс мүмкіндігіне тәуелді.
  • Мида шамамен 18 млрд нейрон болады; бала мен ересек жаста нейрон саны көп өзгермейді, алайда жүйке талшықтары мен өсінділерінің дамуы және байланыстары өзгеріп отырады.

Қызықты дерек (мысалдар)

  • С. Тургенев — 2012 г
  • А. Франс — 1012 г
  • В. Бехтерев — 1720 г
  • И. П. Павлов — 1653 г
  • И. Д. Менделеев — 1571 г

IV. Бекіту тапсырмалары

Терминологиялық қобдиша

Көпір
Сопақша миды барлық ми бөлімдерімен жалғастыруға қатысатын құрылым.
Мишық
Екі сыңарлы, иірімдер мен жүлгелерден тұратын, қимыл-қозғалысты үйлестіретін бөлім.

Семантикалық карта (қызметін толықтыр)

Ми бөлімдері Қызметі
Үлкен ми сыңарлары Адамның барлық іс-әрекеттері: қозғалу, есту, көру, сезу, сөйлеу жүзеге асады.
Аралық ми Толықтыр
Ортаңғы ми Толықтыр
Сопақша ми Толықтыр
Артқы ми (мишық) Толықтыр

Жағдаяттық сұрақтар («Зерделі бала бәрін біледі»)

  1. Операция кезінде иттің миының белгілі бір бөлігі алынып тасталғаннан кейін, ол атын атап шақырғанда және тамақтың иісіне дұрыс жауап бере алмады. Иттің миының қай бөлігі зақымданған болуы мүмкін?
  2. Жол апатынан кейін науқас жүргенде теңселеді және дұрыс сөйлей алмайды. Мидың қай бөлімі зақымдалуы ықтимал?

Сергіту сәті (жұмбақ)

Сырты орман,
Алды жазық құрлықты.
Аралассаң,
Табасың жеті құдықты.

Жауабы: Бас

Көрмеген ешкім,
Дәмін татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық.

Жауабы: Ми

V–VII. Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы

V. Қорытындылау (Венн диаграммасы идеясы)

Жұлын

  • Екіге бөлінеді.
  • Салмағы: 34–38 г.

Ми

  • Бес негізгі бөлімге бөлінеді.
  • Салмағы: 1300–1400 г.

VI. Бағалау

Оқушылар берілген парақшаларға тапсырмалардың орындалуын белгілеп отырады. Бағалау сол белгілеулер негізінде жүргізіледі.

VII. Үйге тапсырма

  • §15. «Ми және жұлын аурулары» тақырыбында хабарлама дайындау.
  • Толық нұсқасын жүктеу (мұғалім ұсынған сілтеме/платформа арқылы).

Қысқаша түйін

Ми — ағзаның ең күрделі басқару жүйесі. Оның бөлімдері тыныс алу мен жүрек қызметі сияқты өмірлік маңызды үдерістерден бастап, қозғалыстың үйлесімі, сезім мүшелерінен келетін ақпаратты өңдеу, сөйлеу және ойлау сияқты жоғары жүйке қызметтеріне дейін реттейді.