Сөзжасамның басты сипаты

Түбір мен қосымша

Бұл сабақта қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын түсініп, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін ажырата білуге назар аударамыз.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымды дамыту; жұрнақ пен жалғаудың қызметін таныту.

Тәрбиелік

Ана тілін қадірлеуге, білімділікке және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Фонетика мен лексика бойынша алған білімге сүйене отырып, сауатты жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру; дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдісі

Сұрақ-жауап, ұжымдық талдау, танымдық ойындар.

Көрнекілігі

Сызба, тақырыптық кесте, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығына және оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау сұрақтары

  1. Сөз тұлғасы деген не?
  2. Сөзжасам нені зерттейді?
  3. Сөзжасамның басты сипаты қандай?

Мәтінмен жұмыс

Бұқар жыраудың өлеңінен түбір сөздер мен қосымша жалғанған сөздерді табу:

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан

Қиынды көргенім жоқ.

— Бұқар жырау

Түбір сөздер

ел, қиын, емес, қол, шаршы, сөз, жоқ

Қосымшалы сөздер

бастау, қонатын, жерден, табылады, шабатын, бастаудан

Қысқартылған үлгі

Ел бас қиын емес, Қон жер көл тап. Қол бас қиын емес, Шап жер ел тап. Шаршы топ сөз бас, Қиын көр жоқ.

Осыдан бүгінгі сабақтың тақырыбы айқындалады: түбір мен қосымша.

Негізгі ұғымдар

Түбір сөз

Түбір сөз — ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін, сөздің түпкі негізі; жаңа сөз жасаудың мағыналы өзегі.

Қосымша

Түбір сөзден кейін жалғанатын сөз бөлшектерін қосымша дейміз.

Қосымшалы сөз

Түбір мен қосымшадан құралған сөз қосымшалы сөз деп аталады.

Мысалдар

Сөз құрамы

жұмыс-шы-лар

Сөз құрамы

әдеп-ті

Сөз құрамы

намыс-қой

Сөз құрамы

ардагер-лер-і-міз-дің

Сөз құрамы

ұстаз-дар-ға

Сөз құрамы

шәкірт-тер-і-міз-дің

Автор туралы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Нұрмолдаева Райхан Дастанқызы.