Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңіАжалсыз әскерПатшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін ғаскерін

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Ажалсыз әскер
Патшалар сансыз шығын қылады,
Дайындап соғыс үшін ғаскерін.
Аямай бірін - бірі қырады,
Ел алар оққа байлап жастарын.

Тұрақсыз шыр айналған дүние,
Жұтады бәрінің де бастарын.
Ел түгіл жерлеріне кім ие,
Айтпасаң моласының тастарын.

Шын патша мен емес пе уайымсыз,
Ғаскерім – өлеңім мен сөздерім.
Олардың патшалығы дайынсыз,
Көреді баянсызын көздерің.

Ойлаңыз, біздің ғаскер өле ме,
Қағазға бір басылып қалған соң.
Бұл мықты әскер емей немене,
Жайылып талай орын алған соң.

Қарумен қанша қатты ұрса да,
Сөзіме жанның әлі келмейді.
Бұл дүние шыр айналып тұрса да,
Ғаскерім қартаймайды, өлмейді.

Білесіз, бұл сөзіме өлім жоқ,
Тағы да жүрген жерін қырмайды.
Дүниенің рахатына сенім жоқ,
Ешбірі баянды боп тұрмайды.

Алмаймын патшалықты берсең де,
Қайтейін, өлім тартып алады.
Мен - дағы, ажал жетіп, өлсем де,
Ғаскерім ақ қағазда қалады.

Оқиды кейінгілер сөзімді,
Бірі ұнап, бірі сынап күледі.
Өзімнің көрмесе де көзімді,
Зарланып өткенімді біледі.



Ұқсас жұмыстар

Шәкәрім Құдайбердиев аудармаларының ерекшелігі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) жайында
Батыр-жырау Қожаберген туралы
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шәкәрімнің діни-философиялық дүниетанымы
Шәкәрім философиясы
Қазақ зиялылары еңбектері
Шәкәрім және парсы әдебиеті
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
Шәкәрім Құдайбердіұлының би ретіндегі қызметі
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ туралы
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
Газды-сұйықты өнімнің атқылауын болдырмау үшін ұңғы сағасын жабдықтау жүйелерін зерттеу және жетілдіру
ҚТС жалпы номерлік сыйымдылығы және минималды материалды шығынға сай РАТС-тың оптималды сыйымдылығы таңдалын
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік