Айды қолыңмен көрсетпе

Қазақтың тыйым сөздері

Қазақтың тыйым сөздері — табиғатты аялау, адамгершілікті сақтау, әдепті болу, тазалыққа мән беру және күнделікті тұрмыста тәртіп ұстану сияқты құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіретін қысқа да нұсқа өсиеттер.

Экология Шаруашылық Танымдық Этикалық Адамгершілік Ар-намыс Тазалық Тұрмыстық

Экология

  • Көк жемісті жұлма.
  • Жалғыз ағашты кеспе.
  • Жұлдызды санама.
  • Айды қолыңмен көрсетпе.
  • Айға қарап дәрет сындырма.

Шаруашылық

  • Мал қораға дәрет сындырма.
  • Малға зәбір жасама.
  • Малды аттама.
  • Жылқыға теріс мінбе.
  • Малды теппе.
  • Қамшыны аттама.
  • Малдың, қойдың арасынан бойлап өтпе.

Танымдық

  • Шәкірттеріңді өз балаларыңдай сүй.
  • Қызғаншақ болма.
  • Еріншек, жеңілтек болма.
  • Дұшпанға сенбе.
  • Жақын адамыңды өкпелетпе.
  • Уақытыңның көбін оқуға, ойыңның көбін тоқуға жұмса.

Этикалық

  • Көп сөйлеме.
  • Ата-анаңа қарсы келме.
  • Орынсыз күлме.
  • Жұрт көзінше кекірме, қасынба.
  • Жаман әдетті үйренбе.

Адамгершілік

  • Кісі мінін, кемтарға күлме.
  • Жақын адамға пышақ не тұз сыйлама.
  • Әйеліңе күш көрсетпе.
  • Маңдайыңды, басыңды ұрма.
  • Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.

Ар-намыс

  • Ұятсыздан аулақ жүр.
  • Шақырмаған жерге барма.
  • Рұқсатсыз үйге кірме.
  • Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.
  • Бейуақытта ұйықтама.
  • Досыңды сатпа.

Тазалық

  • Нас, лас болма.
  • Итке ожаумен ас құйма.
  • Ақты төкпе.
  • Бетіңді сызба.
  • Саусағыңды аузыңа салма.
  • Тырнағыңды тістеме.
  • Сол қолмен тамақ ішпе.

Тұрмыстық

  • Сыпырғыны тік қойма.
  • Пышақтың жүзін жалап көрме.
  • Түнде қоқыс шығарма.
  • Түнде үй сыпырма.
  • Босағаны керме, құшақтама.
  • Бос бесікті тербетпе.

Дереккөз

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі (ММ).
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы.