Тіл дыбыстары. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырыбы
Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың түрі мен типі
- Түрі: дәстүрлі.
- Типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Әдістері
- түсіндіру
- талдау
- жаттығу орындау
- ойлау, қорытындылау
Көрнекілігі және пәнаралық байланыс
- Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
- Пәнаралық байланыс: әдебиет, тәнтану.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру; тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы мен құрамын таныту. Жаттығулар мен қосымша тапсырмалар арқылы жаңа білімді бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың сауаттылығын арттыру, тілін дамыту, танымдық белсенділігін күшейту.
Тәрбиелік
Тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Әнұран орындау
Сабақтың ресми бөлігін орындау.
Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау: лексика тарауы бойынша өткен материал.
Жаттығу: 232-жаттығуды орындау. Дәптерлерден тексеру, 3–4 оқушыға ауызша оқыту.
«Кім жылдам?» — сұрақ-жауап
- Ойды әдепті, сыпайы түрде жеткізу қалай аталады?
- Айтылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер қалай аталады?
- Айтылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер қалай аталады?
- Дөрекі, әдепсіз сөздер қалай аталады?
- Атын тура айтуға болмайтын сөз қалай аталады?
- Сөз байлығын зерттейтін сала қалай аталады?
- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
- Қолданыстан шығып, сирек айтылатын сөздер қалай аталады?
- Белгілі бір кәсіпке қатысты қолданылатын сөздер қалай аталады?
Жаңа тақырып: Фонетика және тіл дыбыстары
Негізгі ұғымдар
Фонетика — гректің phōnē («дыбыс, үн, дауыс») сөзінен шыққан. Фонетика — тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуын, ерекшеліктерін және бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстарының басты белгілері:
- дыбыстау мүшелері арқылы жасалады;
- жүйелік сипаты бар және саны шектеулі;
- сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек.
Дыбыстар жеке тұрғанда мағына білдірмейді, бірақ белгілі бір тәртіппен тіркескенде мағынасы бар сөз құрайды.
Сөйлеу мүшелері және дыбыстың жасалуы
Дыбыстарды жасайтын мүшелер:
- Тыныс жолы: өкпе, көмей, дауыс шымылдығы.
- Ауыз қуысы: тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл.
- Қуыстар мен сүйектер: ауыз және мұрын қуысы, иек, жақ.
Үн мен салдыр
Үн — өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр — өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
Әліпби, әріп және дыбыс
Әліпби
«Әліпби» сөзі араб жазуындағы алғашқы екі әріп атауы — алиф пен би сөздерінің бірігуінен жасалған. Әліпби — жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі.
Әріп
Әріп — дыбыстың жазудағы таңбасы.
Дыбыс
Дыбыс — сөйлеу кезінде естілетін, сөз құрауға қатысатын тілдік бірлік.
Оқулықпен жұмыс және тапсырмалар
233-жаттығу
Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгертіп, дыбыс өзгерісінің сөз мағынасына әсерін бақылаңыз:
Берілген сөздер
сал, жат, тас, тық, қаш, жан
Үлгі
сал → жал, тал, қал
жат → сат, қат, бат, тат
Шығармашылық жұмыс: «Кім шапшаң?»
1-тапсырма
Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жазыңыз:
жы..дам, сабы..лы, с..лемдесу, әлпе...
2-тапсырма
Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұптап жазыңыз:
ұл, суық, жаман, ақ, күн, қыз, жақсы, қара, жылы, түн, түзу, тату, қатты, ұзын, араз, жұмсақ, қысқа, жас, көп, кәрі, аз, қисық
Үлгі: түзу — қисық, жұмсақ — қатты.
234-жаттығу
Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы әртүрлі сөздер жасаңыз:
ала → алау → алақан
ат → ата → атақ → атаулы
у → уық → уылдырық
ыс → ыстық → ыстықтау
ас → аспа → аспалы
Сергіту сәті
«Адасқан әріптерді орнына қой»
«Кім тапқыш?» ойыны.
- Б, ы, а, л, қ
- Н, у, а, ы, р, з
- З, м, а, н, а
- Ә, л, я, и
235-жаттығу: метаграммалар
1) Т/Д
Егер т-дан бастасаң — биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң — қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң — балықшының бұйымы.
(тау, дау, ау)
2) Б/Н
Егер б-дан бастасаң — түтіндей боп көшемін.
Егер н-нан бастасаң — жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң — ішкен жанға кеселмін.
(бу, ну, у)
3) Г/К
Г-ден баста — мен кілем, ажарымын өмірдің.
К-ден баста — енді мен, қалдығымын көмірдің.
(гүл, күл)
4) К/Ш
К-ден бастасаң — шомыласың суына.
Ш-дан бастасаң — жазда аунайсың құмына.
(көл, шөл)
Мақал-мәтелдермен жұмыс
Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашып, берілген мақалдарға мағыналас сөздерді (баламаларын) табыңыз.
Мақалдар
- Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
- Көрмес — түйені де көрмес.
- Кімнің тарысы піссе — соның тауығы.
Бағыттаушы ұғымдар
Қорытынды сұрақтар және бекіту
Қайталау сұрақтары
- Фонетика нені зерттейді?
- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
- Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?
Сабақты бекіту
Венн диаграммасы арқылы ұғымдарды салыстырып, ортақ және айырмашылық белгілерін анықтау.
Үй тапсырмасы
«Фонетика. Тіл дыбыстары» тақырыбын оқу, тапсырмаларды орындау.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптары және орындаған жұмыстары бойынша бағалау.