Жаңа сабақ кезеңі
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
Мұғалім
Жанпейсова Гүлжан Жақсылыққызы
Сабақ тақырыбы
Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Екі таңбалы санға көбейту және бөлуге байланысты есептер мен теңдеулерді шешу, мазмұнды есептер арқылы есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
2) Дамытушылық
Ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік
Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Әдістер
- Түсіндіру
- Талдау
- Сұрақ-жауап
- Ойын арқылы есеп шығарту
- Тиянақтау
Көрнекіліктер
- Үлестірме қағаздар
- Асық
- Тақия
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқулық: 177-бет, №7 — амалдарды орындау.
3) Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта екі таңбалы санға көбейту және бөлуге арналған тапсырмалар орындаймыз. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы математикалық білімімізді көрсетеміз.
Психологиялық дайындық: «Бәйге» ойыны
Бөлуді орындап, нәтижесін тексер.
604 × 45 =
3002 × 32 =
640 × 52 =
68 102 ÷ 34 =
17 710 ÷ 35 =
39 420 ÷ 54 =
«Хан талапай» ойыны: теңдеу шешу
«Талапай-ау, талапай, табылды ойын, алақай!
Бүк асықпен бүкті, шік асықпен шікті.
Алшыменен алшыны, тәйкеменен тәйкені.
Асықты алға шашамыз, талапайға басамыз.»
x ÷ 30 = 80
40x = 1200
360 ÷ x = 30
4) Мазмұнды есептер (оқулықпен жұмыс)
179-бет, №5
Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Бір кітаптың бағасы қанша? Әрқайсысы қанша ақша төледі?
179-бет, №6
Үнемді пішудің нәтижесінде әрбір шапаннан 10 см, ал әрбір қамзолдан 12 см мата үнемделді. 96 шапан және 96 қамзол пішу кезінде қанша мата үнемделді?
Егер бір баланың пальтосына 2 м мата жұмсалса, онда үнемделген матадан неше баланың пальтосын тігуге болады?
Сергіту сәті: математикалық диктант
- а) 9000-ды 18 есе кемітіп, шыққан нәтижені 9 есе арттыр.
- ә) 86 мен 82-нің көбейтіндісін 1025-ке кеміт.
- б) 3025 және 986 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
- в) 1800 бен 30 сандарының көбейтіндісін 27 есе кеміт.
«Жамбы лақтыру» ойыны: қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлуді орында.
68 109 ÷ 34
17 729 ÷ 35
39 473 ÷ 54
5) Сабақты қорытындылау
«Тақия» ойыны арқылы рефлексия
- Бүгін қандай есептер шығардық?
- Қандай ойындар ойналды?
«Сен маған, мен саған» шығармашылық тапсырмасы
Әр оқушы ойдан есеп құрастырады және оны шығарып береді.
Соңында оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.