Мәтін мазмұнын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы. Үй құстарын көктемде күтіп-бағу.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Көктем мезгіліндегі құстар тіршілігінің негізгі ерекшеліктерін және балапандарына қамқорлығын түсіндіру.
- Құстардың түрлері туралы білімдерін толықтыру.
- Үй құстарының көктемгі күтіміндегі ерекшеліктер туралы әңгімелеу.
Дамытушылық
- Шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтауын дамыту.
- Ой қорыту, талдау, жинақтау, салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
- Өзіндік ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың формасы
Ұжымдық, жұптық, жекедара
Көрнекілігі
Сызбанұсқалар, слайдтар
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, баяндау, ізденушілік, проблемалық, көрнекілік
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу
Техникалық жабдық
Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
Армысың, сұлу күн!
Армысың, ашық аспан!
Қайырлы күн, баршаға!
II. Үй тапсырмасы
- 1 Оқушылар «Малды көктемде күтіп-бағу» мәтінін тізбектей оқып, мазмұнын баяндайды.
- 2 Қосымша тапсырма бойынша төрт түлік туралы өлең оқып, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтады.
Үй тапсырмасын бекіту: себеп–салдарды анықта
- Малды арнаулы қорада төлдетеді, себебі …
- Жас төлді қосымша қоректендіреді, себебі …
- Күн жылына малды өріске жаяды, себебі …
- Малды адам күтіп-бағады, себебі …
III. Жаңа сабақ
Айдары:
Қанатты достар әдемі,
Қорғайық, достар, әлемді!
Жұмбақ
Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (Құстар)
Жұмыс кезеңдері
- 1 Сызба бойынша жануарлар топтарын еске түсіріп, әрқайсысына қысқаша түсінік беру.
- 2 Мәтін мазмұнын түсіндіру.
- 3 Оқулықпен жұмыс: мәтінді өз бетінше және тізбектей оқу.
- 4 Оқулық соңындағы тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Құстарға біз ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Ұқсастық пен даралық
Жабайы құстар
- Өздігінен тіршілік етеді.
- Табиғаттың сәні.
- Орманның «емшісі».
Үй құстары
- Қолда бағылады.
- Жұмыртқа береді.
- Мамық пен қауырсыны пайдалы.
Ситуациялық сұрақ
Орманда келе жатырсың. Ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?
Ойын: «Жалғастыр»
Не істеу керек?
…
Не істеуге болмайды?
…
IV. Бекіту
Жинасаң ойдың түйінін:
Не ұғындың, не білдің?
Тест: «Дұрыс немесе бұрыс»
- Құстар көктемде туған жерге оралады.
- Ең бірінші болып ұзақ ұшып келеді.
- Көпшілік құстар көктемде балапан басады.
- Көктемде құстар тіршілігінде ешқандай қиындық кездеспейді.
- Үй құстарының пайдасы жоқ.
Жұптық тексеріс (кілт)
1 — дұрыс, 2 — дұрыс, 3 — дұрыс, 4 — бұрыс, 5 — бұрыс
V. Қорытынды
Табиғат-Ана, құшағыңды саялайық,
Қорғау үшін күш-жігерімізді аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың — осыны ұқ, адамзат!
Табиғатты аялайық!
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен жауаптарына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
- 1 Мәтінді оқу.
- 2 «Құстар — біздің досымыз» тақырыбына әңгіме құрастыру.