Оқушылардың жазған сөздерін тыңдау
Сабақтың тақырыбы
«Бұғышақ пен оның серігі»
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Ертегіні оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра отырып идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық
Сөздің мән-мағынасын ажыратуға жаттықтыру, ойды дәл жеткізу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай жасау; мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік қасиеттері мен дағдыларын дамыту; оқушының еркін пікір айтуына мүмкіндік беру.
Сабақтың көрнекілігі
- Топтау сызбасы (кластер)
- Бұғының суреті
Сабақтың барысы
1) Қызығушылықты ояту
Оқушылар топпен отырады. Қызығушылықты ояту мақсатында әр топқа ой қозғайтын тапсырмалар беріледі.
Сұрақтар
- Балалар, үйден шығарда немесе бір жаққа кетерде ата-аналарың қандай ескертулер айтады? (Оқушылардың жазған жауаптары тыңдалады. Әртүрлі, күтпеген жауаптар болуы мүмкін.)
- Бұл сөздер күнде айтыла ма?
- Күнде естіген сайын сендер қандай жауап қайтарасыңдар? (Оқушылардың ауызша жауаптары тыңдалады.)
Сендер көшеге не бір жерге көбіне жолдастарыңмен, серіктеріңмен шығасыңдар. Ата-ана да, өздерің де жанындағы жолдастың жақсы болғанын қалайсыңдар.
2) Мағынаны тану
Бүгін біз осы жағдаймен үндес «Бұғышақ пен оның серігі» атты ертегіні оқимыз. Қазақ халқы жанына ерген адамды серік, жолдас, сапарлас деп атайды. Ол адам міндетті түрде дос болмауы да мүмкін, өйткені адамдар кейде қызмет, оқу, жұмыс бабымен бірге жүруге мәжбүр болады. Жолдас көп болуы мүмкін, ал шынайы дос кейде біреу-ақ болады.
Жұмыс түрлері
- Ертегіні оқыту.
- Оқып болған соң оқулықтағы тапсырмалар бөлігінен 2- және 3-сұрақтармен жұмыс жасау.
- Оқушылардың жауаптарын өз өмірімен байланыстыра отырып, ата-ана қамқорлығын сезіндіру.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Бұғышақтың қандай сөздері әкенің қамқорлығын білдіреді? (Мәтіннен тауып, дәлел ретінде оқыту.)
- Ата-ана баласының жолдастарының жақсы болғанын қалайды. Ертегідегі Бұғышақтың әкесі оның жанындағы серігін төрт рет сипаттайды. Сол сипаттаулардан серіктің ең жақсы қасиеттерін теріп жазып, топтау сызбасына түсіру.
Серіктің негізгі қасиеттері (тақтаға жазылады)
1
Мықты
2
Айлакер, ержүрек
3
Ақылды, сақ
4
Мейірімді
Оқушылар кестедегі қасиеттерге қарап, өздеріне қайсысы көбірек ұнайтынын айтып, пікір алмасады.
Бірақ Бұғышақ серігін қанша мақтаса да, әкесі оның жолдасының бір қасиетін естігенде ғана: «Енді, балам, сені алаңдамай күтетін боламын», — дейді. Ол қандай қасиет? Мәтіннен тауып оқыңдар.
3) Ойтолғау
Мейірімділік — әкесі таныған ең жақсы мінез. Өйткені мейірімді адам әрдайым жанашырлық жасауға дайын тұрады. Әкесі барлық қасиеттің жақсы екенін түсінеді, бірақ соның ішінде мейірімділікті бәрінен жоғары қояды. Ал сендер ең мейірімді адам кім екенін жақсы білесіңдер.
Жазба жұмысы
«Анашым, алаңдама!» эссе
Оқушыларға берілетін тапсырма: ата-ана қамқорлығы, сенім және мейірімділік туралы ойларын эссе түрінде жазу. Сабақ осы жұмыс арқылы қорытындыланады.
Қорытынды және бекіту
- Оқулықтағы сұрақтармен жұмыс жасау.
- Мақал-мәтелдер мен қиын сөздерді талдау.
- Үй тапсырмасы мұғалімнің таңдауы бойынша беріледі; оқушылардың білімі бағаланады.