Ойлап қой 100 болатындай төрт тор көзді сызу

Сабақтың тақырыбы

21-ден 100-ге дейінгі сандарды қайталау және бекіту.

Мақсаты

  • Өткен сабақтарда алған білімді пысықтау және қайталау.
  • Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімін тиянақтау.
  • Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды, есептеу дағдыларын және жылдам шешім қабылдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шапшаң ойлауға және ойды нақты қорытындылай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап Сөзжұмбақ Математикалық диктант Үлестірмелі тапсырмалар

Қажетті құралдар

  • Слайдтар
  • Қима қағаз (үлестірмелі материал)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық және қызығушылықты ояту. Оқушылардың мақсаты — есептерді шапшаң шығару және өздерін дұрыс бағалай білу.

Балалар, бір-біріңе қарап күлімсіреп, іштей сәттілік тілеңдер. Мен де сендерге бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін.

Біз жақында қандай мерекені тойлаймыз? — Тәуелсіздіктің 22 жылы. Әр тойда киіз үйлер тігіледі. Біз де мерекеге дайындалайық: бүгін әр топқа киіз үй үлгілері беріледі, әрқайсысының ішінде тапсырмалар бар. Барлығын орындасақ, киіз үйлеріміз тойда тігілуге дайын болады.

I талап. Үй жұмысын тексеру

Әр топтың командирлері жетондар алады (сенім, делегат, таңдау).

Жұмбақ есеп

Мұз айдынында он бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай сегіз бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың.

Жауабы 18

Дәптермен жұмыс

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазу: 18 қараша.
  • 18 санына мінездеме: екі таңбалы сан, 1 ондық және 8 бірлік. Оның алдында 17, кейін 19 саны келеді.
  • 18 цифрын дәптерге көркем жазу.

II еңбек. Математикалық диктант

Есептеулерді орындап, нәтижені жазыңдар. Соңында көршілерің бір-біріңді тексеріңдер.

12 − 4

5 + 7

18 − 9

7 + 7

15 − 8

16 − 8

13 − 6

2 + 9

19 − 7

III терең. Сөзжұмбақ

Оқушылар тақтаға шығып, сөзжұмбақты толтырады.

Мұнда сөзжұмбақ тапсырмасының мазмұны көрсетіледі (тақтада орындалады).

IV қанағат. Үлестірмелі қима қағаз

Тапсырмалар үлестірме қағаз арқылы беріледі. Оқушылар өз жұмыстарын өздері тексереді.

Қима қағаздағы тапсырма №1

Қима қағаздағы тапсырма №2

Қима қағаздағы тапсырма №3

Ескерту: нақты тапсырма мазмұны мұғалім дайындаған үлестірмелі материалға сәйкес енгізіледі.

V рақым. Қызықты сұрақтар

Логикалық ойлау мен шапшаң есептеуге арналған ауызша есептер.

  1. Көлден ұшты жеті қаз,
    Қайтып қонды екі қаз.
    Қонбады оның нешеуі?
    Кәне, кім тез шешеді?

    Жауабы 5
  2. Жаңа ғана шалғында
    Алты бұзау жүр еді.
    Әлде шаршап қалды ма,
    Жатып қалыпты біреуі.
    Нешеуі енді жайылып,
    Айт, жүргенін айырып.

    Жауабы 6
  3. Бір-бірімен жарысқан,
    Төрт аю, екі арыстан,
    Екі қоян, бір түлкі.
    Бәрі нешеу, кім білді?

    Жауабы 9
  4. «Бірім, бірім, бірім» деп,
    Үшеуі келеді біртіндеп.
    «Екім, екім, екім» деп,
    Үш жұп келеді екеулеп.
    Қанша болады өзіңде,
    Үлпілдеген балапан?

    Жауабы 9

VI. Ойлап қой

100 шығатындай етіп төрт торкөзден тұратын сызба құрастыр.

Оқушы өз сызбасын дәптерде орындайды және шешімін түсіндіреді.

Сабақты қорытындылау

Негізгі ой

Барлық киіз үйлердің тапсырмаларын орындадық па? Тапсырмалар атауы ретінде берілген Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым сөздері сендерге таныс болуы керек.

Бұл сөздер қай өлеңнен алынған? Бір оқушы өлеңнен үзінді айтып береді.

Рефлексия және бағалау

  • Бүгінгі сабақта не істедік?
  • Сабақ ұнады ма? Неліктен?
  • Парақтарыңды қарап, өз бағаларыңды қойыңдар.

Үйге тапсырма

Бағалау парағын тексеріп, қорытынды бағаны белгілеу.