Сайыс кезеңдерімен таныстыру
Бастауыш сынып мұғалімі
Ерғазиева Ә. А.
«Өнерлінің өрісі кең» отбасылық сайысы
Мақсаты
- Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы білімдерін байқау.
- Ән, би, қолөнер секілді халықтық өнерге қатысты хабардарлығын анықтау.
- «Отбасы — Отанның бір бөлшегі» екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымаққа, бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі мен көрнекілігі
Түрі
Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс.
Көрнекілігі
Отан, отбасы, ынтымақ пен бірлік туралы мақал-мәтелдер; әр отбасыға арналған слайд-шоу.
Сайыс кезеңдері
I кезең
Таныстыру
Әр отбасы өзін таныстырады, ұраны мен құндылықтарын айқындайды.
II кезең
Өнер сайысы
Ата-ана мен бала өз өнерін (ән, би, көркем сөз, аспап) көрсетеді.
III кезең
«Шебердің қолы алтын»
Ұлттық қолөнер бұйымдары бойынша үй тапсырмасын таныстыру.
IV кезең
«Көңілді аспаздар»
Аналар ас мәзірін ұсынып, дайындау тәсілі мен мәнін түсіндіреді.
V кезең
Ситуациялық сұрақтар
Отбасылық тәрбие мен қарым-қатынасқа қатысты жағдаяттарға жауап беру.
Қосымша
Мақал-мәтелді жалғастыру
Тіл мәдениеті, ой ұшқырлығы және тәрбиелік мәні бағаланады.
Әділқазылар алқасы
Жүргізуші: «Келді міне бүгін сынауға, сыналып үлкендерден үлгі алуға. Салты бар, өнерлі осы ортада — берер деп әділқазы әділ баға».
Бұл бөлімде жүргізуші әділқазыларды таныстырып, бағалау талаптарын хабарлайды.
Кезеңдер мазмұны
I кезең — Таныстыру
«Отбасымыз келіп жетті танысуға…» — әр команда әдеппен, ізетпен өзін таныстырып өтеді.
II кезең — Өнер сайысы
«Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда…» — ата-ана мен бала арасындағы өнер көріністері ұсынылады.
III кезең — Қолөнер
«Ана — бала, бала — ана бір ұғым…» — ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстыру, жасалу жолын әңгімелеу.
IV кезең — «Көңілді аспаздар»
«Ана деген тіршіліктің иесі…» — аналар тағам түрін ұсынып, мәзірін таныстырады. Үзілісте өнерпаз оқушының әні орындалады.
Мақал-мәтелді жалғастыру
«Шебер болсақ, тіл байып, шешендіктер бір ғайып…» — бұл кезеңде қатысушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, кейбірінің мәнін ашады.
Жалғастырылатын мақал-мәтелдер
- Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.
- Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
- Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.
- Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.
- Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
- Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.
- Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
- Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
Ұяшықтар бойынша тапсырма
1-ұяшық
- Мақалдарды жалғастыру.
- «Ана — балаға жастық, әке — көрпе» — мақалдың мәнін ашу.
2-ұяшық
- Мақалдарды жалғастыру.
- «Тұлпар тайдан өседі» — мақалдың мәнін ашу.
3-ұяшық
- Мақалдарды жалғастыру.
- «Бала — обаның айнасы» — мақалдың мәнін ашу.
Қосымша ұяшықтар
4-ұяшық
- Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.
- Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
- «Қартың болса, жазып қойған хатпен тең» — мақалдың мәнін ашу.
5-ұяшық
- Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
- Сөз тапқанға қолқа жоқ.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Өз балаңды өскенше бағасың… (жалғастыру тапсырмасы)
Ситуациялық сұрақтар
«Тыңдаңыздар, халайық! Босқа қарап тұрмайық. Кезегі енді сайыстың — сұрақ-жауап табайық!» — қатысушылар төмендегі жағдаяттарға өз ұстанымын білдіреді.
Жағдаяттар
- Балаңыз мультфильм көріп отыр. Дәл сол сәтте басқа арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Не істейсіз? Балаңызға әрекетіңіз қандай болады?
- Балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Ол «сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Қандай шешім қабылдайсыз?
- Мектептен келген балаңыз: «Ертең мектепке бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
- Сіз тәрбиешісіз. Топта жалғыз баласы бар бір бала өте тентек, тәрбиеге көнбейді. Ұрыссаңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз тәртіп бұзылады. Қандай шара қолданар едіңіз?
Жалпы сұрақтар
- Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
- Бала дүниеге келгенде жасалатын салт-жоралардың түрлері қандай?
- Бала тәрбиесін қай жастан бастап қолға алған дұрыс деп ойлайсыз?
Музыкалық үзіліс
Аналар ас әзірлеген уақытта, мектебіміздің өнерпаз оқушысы (түрлі байқаулардың жеңімпазы мен лауреаты) әсем әнін орындайды.
Қорытынды
Сайыс соңында әділқазылар алқасына сөз беріліп, кезеңдер бойынша нәтижелер сараланады. Қатысушы отбасылардың өнері, бірлігі, тіл мәдениеті мен тәрбиелік ұстанымдары ерекше атап өтіледі.
Әділқазылар сөзі
Бағалау қорытындысы жарияланып, алғыс пен марапаттау рәсімі өткізіледі.