Бірлік ынтымақ - байлық бақ

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі

Дузимова Жайнагүл Қонысбайқызы

Сабақ тақырыбы

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

Сабақ мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды ел бірлігін сақтауға, әлем алдындағы беделімізді арттыруға үлес қосуға бағыттау.
  • Дамытушылық: оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу.
  • Тәрбиелік: «Елім, жерім, ұлтым» деп жүрегі соғатын азамат тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Әдістері
әңгімелеу, ой қозғау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
тақырып және нақыл сөздер жазылған плакат, әр елдің ұлттық киімдері, ту, елтаңба және т.б.
Сабақ түрі
аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
тарих, сурет, сызу, технология, әдебиет және т.б.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сыныпты сабаққа дайындау.
  • Назарды сабаққа аудару.
  • Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.

Кіріспе ой

Ел басына күн туған қилы замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ең басты күш — ынтымақ пен бірлік. Жаугершілік кезеңдерде тағдыр талайына мойымай, берекесін қашырмай, өзгенің ала жібін аттамай, ұтымды іске ұйысқан жұрттың кеңдігі мен кемеңгерлігі бүгінгі тәуелсіздіктің берік тірегіне айналды. Достық пен келісім бар жерде ырыс пен береке орнығады.

Баяндама тақырыбы

«Қазақстан – татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі»

Ән

«Ақкөгершін»

Өлең жолдары

Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
Жиырма жылдай Қазақстан халқының,
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны.

Көгінде тұр көк байрағың желбіреп,
Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.
Әнұранды шарықтата шырқаймыз,
Бабаларды еске алып, ержүрек.
Бірлік болсын — ел аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Тілі бөлек болғанымен — тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек-гүл.
Қазақстан — бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымызды тіреп тұр.
Қуаныштан желпілдейді түндігім,
Бар халықтың бірлік тойы — күн бүгін.
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!

Қанатты сөздер

Татулық — түсінуден, тыныштық — қанағаттан.
Қадыр Мырзалиев
Азаттыққа үйрену — ең алдымен ынтымаққа үйрену.
Қадыр Мырзалиев
Әділет бар жерде — ынтымақ бар.
Әбіш Кекілбайұлы
Ынтымақ елдікке жеткізер, елдік — ерлікке жеткізер.
Әбіш Кекілбайұлы
Ерден ердің артықтығы — білігі, елден елдің артықтығы — бірлігі.
Мұзафар Әлімбаев
Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Міржақып Дулатов
Жалғанда ойлап тұрсаң — бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін — тірлік керек.
Ағайынға ала көз бола қалсаң,
Аузыңдағы несібеңді біреу жейді.
Қазыбек би Келдібекұлы
Бірлік түбі — береке.
Төле би Әлібекұлы
Күшті ұлт болу үшін — алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
Майқы би

Нұрсұлтан Назарбаевтың ой-түйіндері

Табысты дамуға қажетті шарт — бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру. Ең асыл қазына — бірлік.
Нұрсұлтан Назарбаев
Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны — ынтымақ үшін ымыраға бара алмау.
Нұрсұлтан Назарбаев

Мақал-мәтелдерді жалғастыру

  • Ел бірлігі — ел теңдігі.
  • Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.
  • Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
  • Бірлікті ел бұзылмас.
  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
  • Бірлік пен ынтымақ — байлық пен бақ.
  • Бірлік жоқ болса — ұйым жоқ, ұйым жоқ болса — күйің жоқ.

Би

«Қара жорға»

Қорытынды

Еліміз аман болсын, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгі болсын. Баршаңызға бірлік пен береке тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!