Суретке қарап, сұрақтарға жауап беріп көр

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

1-бөлім: Өзім туралы

Сабақ тақырыбы: Маған не ұнайды? Буын

Оқу мақсаты

1.1.9.3 — сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя алады және қойылған сұраққа жауап береді.
  • Туған-туыстары мен достары туралы айта алады.
  • Иллюстрациялар бойынша заттарды атап, оларды буынға бөле алады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қояды және қойылған сұрақтарға жауап береді.

Көпшілік оқушылар

Өзінің туған-туыстары мен достары туралы мәлімет айта алады.

Кейбір оқушылар

Иллюстрациялар бойынша заттарды атап, оларды буынға бөледі.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Буынслог

Тілдік дағдылар

Суреттерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын кеңейту және сұраққа толық жауап беруге үйрету.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды дарыту

  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Сұраққа толық әрі дәл жауап беруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

  • Музыка: сергіту сәтінде ән айтып, ырғаққа сай қимыл-қозғалыс жасайды.
  • Көркем еңбек: жұмыс дәптеріндегі суретті бояйды.

АКТ қолдану

Сергіту сәтінде бейнеролик пайдаланылады.

Бастапқы білім

  • Оқушылар өздеріне не ұнайтынын айта алады.
  • Сөздерді буынға бөлу дағдысы қалыптасқан.

Сабақтың басы

7 минут

Сәлемдесу және көңіл күйді көтеру

Сәлемдесу (көптілді)

  • Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Қалдарың қалай?
  • Здравствуйте, дети! Как дела у вас?
  • Good morning, children! How are you?

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын.

Оқушылар орындарына жайғасады.

Әңгімелесу сұрақтары

  • Сендердің нағашы аталарың мен әжелерің бар ма? Олар қандай адамдар?
  • Ал туған аталарың мен әжелерің қандай?

Сабақтың ортасы

25 минут

Есіңде сақта

Сөздер буынға бөлінеді. Буынды сызбаның көмегімен көрсетуге болады.

Тапсырма №1

Суретке қарап, сұрақтарға жауап бер.

  • Бала кімді шақырды?
  • Бала «ата» сөзін қалай айтты?
  • Қалай ойлайсыңдар, бала атасымен не туралы сөйлесті? Өз ойларыңды айтыңдар.

Тапсырма №2

Досыңның аты кім? Оның есімін буынға бөліп айтып көр.

Үлгі

Аты: ____________
Буынға бөлуі: ____________

Мәлімет

Мектеп
Қазантай жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалім
Сыздықова Мейрамгүл Нұртасқызы
Тақырып
Маған не ұнайды? Буын