Мынау әже мен ата

Сабақтың тақырыбы

Мен Қазақстан Республикасының азаматынымын.

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімін кеңейту, сондай-ақ Қазақстан азаматы болу үшін қасиетті құжаттардың маңызын түсіндіру.
  2. 2 Ел азаматы атағына лайық болып, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер және сөздік

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Әңгімелеу

Көрнекіліктер

  • Туу туралы куәлік
  • Куәлік
  • Паспорт (төлқұжат)
  • Қазақстан Республикасының картасы

Меңгерілетін сөздер

Куәлік Төлқұжат Ту Елорда Көкбайрақ

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

— Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Оқушылар

— Сәлеметсіз бе!

Мұғалім

— Қалдарың қалай?

Оқушылар

— Жақсы.

2) Бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар! Бәріміз күндей жарқырайық, Бәріміз дос болайық. Бәріміз тату болайық. Аспанымыз ашық болсын, Нанымыз көп болсын, Деніміз сау болсын, Көк туымыз биік болсын.

Мұғалім: — Рахмет, жарайсыңдар, балалар!

3) Өткен тақырыпты қайталау

Мұғалім: — Кім айтады, «семья» сөзін қазақша қалай атаймыз?

Оқушылар: — «Отбасы» немесе «жанұя» деп атаймыз.

Мұғалім: — Қараңдаршы, отбасында ең кішкентай кім?

Оқушылар: — Ол — бала. Одан кейін оның әпкесі немесе ағасы.

Мұғалім: — Ал мынау кімдер?

Оқушылар: — Бұл — әкесі мен шешесі. Ал мынау — әжесі мен атасы.

Мұғалім: — Балалар, жанұя туралы мақал-мәтел айта аласыңдар ма?

  1. Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
  2. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
  3. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

Мұғалім: — Өте жақсы!

Мұғалім: — Енді айтыңдаршы, осы жанұя қай қалада тұрады?

Оқушылар: — Петропавл қаласында тұрады.

Мұғалім: — Ал Петропавл қаласы қандай республикада орналасқан?

Оқушылар: — Петропавл қаласы Қазақстан Республикасында орналасқан.

Мұғалім: — Бүгін біз Қазақстан Республикасы туралы әңгімелесеміз.

Сюжеттік сәт: Абылай ханның келуі

Есік қағылды. Қазақы киім киген, ақ сақалды қария кіріп, балалармен амандасты.

Қонақ: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! Үш жүздің басын біріктірген мен — Абылай ханмын. Бұрынғы ғасырларда елімізді мен сияқты хандар мен билер басқарған.

Қонақ: — Ал қазір елімізді кім басқарады?

Оқушылар: — Елімізді Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады.

Мұғалім: — Қош келдіңіз, Абылай хан ата. Төрге жайғасып отырыңыз. Біздің балалар сізге Қазақстан Республикасы туралы айтып береді.

Қазақстан Республикасы туралы әңгіме

Мұғалім: — Балалар, Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Оқушылар: — Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет. Біздің айбынды елтаңбамыз, көк аспандай туымыз және әнұранымыз бар.

Мұғалім: — Мына суреттерге қараңдаршы, бұлар не?

Оқушылар: — Бұлар — елтаңба, ту және карта.

Мұғалім: — Біз қандай республикада тұрамыз?

Оқушылар: — Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Мұғалім: — Қандай рәміздерді білесіңдер?

Оқушылар: — Елтаңба, ту, гимн.

Мұғалім: — Ендеше, орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайық.