Мақал - мәтелді тап
Сабақтың тақырыбы
Лексика бөлімінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Лексика тарауларынан алған білімді тексеру және бағалау.
- Іскерлік дағдыларын дамыту.
- Танымдық белсенділікті арттыру.
Оқытуда қолданылатын модульдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдер.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқу нәтижелері
- Іскерлік дағдылары мен сыни ойлауы қалыптасады.
- Танымдық белсенділігі артады.
- Бірін-бірі бағалау дағдысы дамиды.
- Логикалық ойлау және сауаттылық деңгейі көтеріледі.
Өзара әрекеттестік және әдіс-тәсілдер
- Топтық, жұптық, жеке жұмыс.
- Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс.
- «Деңгейлік тапсырмалар», «Мюнстенберг» әдісі, тест.
Бағалау және ресурстар
Формативті бағалау
- Қол шапалақтау
- Жұлдызша беру
- Жетон арқылы бағалау
Ресурстар
- АКТ
- Үлестірме материалдар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Тірек-сызба
- Интернет-сайт материалдары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Топқа бөлу: «Білімділер», «Намыстылар», «Көріктілер».
- Бағалау парақшаларын тарату.
- Психологиялық тренинг.
II. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз — лексикадан өткенді қайталау сабағы. Біз лексика бойынша өткен тақырыптарды жүйелеп, қорытынды жасаймыз.
Лексика ғылымы нені зерттейді? (Тірек-сызбаға назар аударайық.)
III. Антонимдерді мақал-мәтел арқылы жалғастыру (топтық жұмыс)
«Білімділер»
Дұшпан — дос, жақсы — жаман
«Көріктілер»
Әдепті — әдепсіз, туады — өледі
«Намыстылар»
Қорқақ — батыр, суық — жылы
IV. Деңгейлік тапсырмалар
I топ: Табу сөз дегеніміз не?
«Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау!»
Тапсырма: Үзінді қай ертегіден алынған? Мәтін ішінен табу сөзді табып, белгілеңдер.
II топ: Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
Сөздер: мылжың, сараң, аузы жеңіл, өлді, қолының сұғанағы бар, ақсақ, қоспай айт, саңырау, боқмұрын, бақиға аттанды, қолынан түк келмейді, қолды болды, сөзуарлау.
Тапсырма: Эвфемизмдерді бір бөлек, дисфемизмдерді бір бөлек топтап жазыңдар.
III топ: Көнерген сөздер дегеніміз не?
«Басына дулығасын киіп, көп қол — әскерін жиып, мылтығын асынып, ағаш үйдің қасында отырған кім?»
Тапсырма: Бұл кім? Қай шығармадан? Тарихи сөздер мен архаизмдерді табыңдар.
Сергіту сәті: «Жүйрік болсаң, озып көр»
Мақал-мәтелді жалғастырып жауап беріңдер:
- Қар жана ма?
- Инемен құдық қазуға бола ма?
- Аппақ қарға бола ма?
- Ең тәтті не?
- Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
- Етікті қонышынан басып киюге бола ма?
- Ер неше рет батыр, неше рет қорқақ?
- Тауық түс көре ме?
- «Көрдім», «көрмедім» деген неше сөз?
- Оттан да ыстық не?
- Отқа түсіп күймеуге бола ма?
- Қандай бала сүйкімді?
Оқулықпен жұмыс
216-жаттығу
Сөздердің тура мағынасын табу.
217-жаттығу
Синонимдік қатар құрастыру.
218-жаттығу
Сөздерді фразеологизмге, тұрақты тіркеске айналдыру.
«Мюнстенберг» әдісі
Шатасқан әріптердің арасынан мағыналы сөздерді тауып, белгілеңдер.
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылолл дмектеплдолғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщкміндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат
Білімді тиянақтау: тест
1. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы:
- A. Синтаксис
- B. Морфология
- C. Лексика
2. Тұрақты сөз тіркесін ажырат:
- A. Ашық жер
- B. Қоян жүрек
- C. Хат жазу
3. Мақал-мәтелді тап:
- A. Бала шаба жөнелді
- B. Білімді бол
- C. Ақылды бала — арлы бала
4. Антонимді ажырат:
- A. Қызыл — ақ
- B. Ақ — қара
- C. Қызыл — көк
5. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз:
- A. Ел үмітін ер ақтар
- B. Көк алманы алма
- C. Қарақұс — жыртқыш құс
6. Дұрыс жазылған сөз:
- A. Жыуу
- B. Жуу
- C. Жуыу
7. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз:
- A. Зерігу, құмар болу
- B. Еріну, көшіру
- C. Зерігу, іш пысу
8. Неологизм сөзді белгіле:
- A. Несие
- B. Гарантия
- C. Процент
9. Көнерген сөзді тап:
- A. Саяжай
- B. Найза
- C. Сәулет
10. Табу сөзді көрсет:
- A. Шырайлым
- B. Бауырмал
- C. Қайратты
Үй тапсырмасы
- Сынақ тапсырмасы.
- Ұлттық құндылықтар тақырыбында «Досыңа хат» жазу (баяндау және суреттеу тәсілдерін қолдану).