Жетекші сайлау тест
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мәліметтерді жинақтау және қорытындылау (8-сынып).
Сабақтың түрі
Жүйелеу және қорытындылау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау
- Фронтальді жұмыс
- Топтық жұмыс
- Жеке жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Венн диаграммасы
- Формулалар және реакция теңдеулері
Сабақтың мақсаты
1) Білімді жүйелеу
Алған теориялық білімді нақтылау, жүйелеу және тереңдету; өзіндік жұмыстар арқылы тексеру және бекіту.
2) Дағдыны дамыту
Заттарды бір-бірінен ажырату, химиялық формула құрастыру, теңдеу жазу және бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты меңгеру.
3) Тәрбиелік мақсат
Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдық пен белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптың оқу үдерісіне дайындық деңгейін анықтау.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
- Әр топқа жетекші сайлау.
II. Жетекші сайлау тесті
Әр топтың жетекшісін анықтау үшін 5 сұрақтан тұратын тест ұсынылады. 5 минут ішінде дұрыс жауап берген оқушылар жетекші болып сайланып, өз топтарына бекітіледі. Топ жетекшілері тапсырмалардың орындалуын үйлестіріп, нәтижені тақтаға жаздырады.
1) Қай қосылыста азот IV валентті?
- a) NO2
- b) NH3
- c) N2O5
- d) N2O
2) Қай қосылыста оттектің массалық үлесі көп?
- a) K2O
- b) FeO
- c) H2O
- d) SO2
3) Қайсы еритін негіз?
- a) Ba(OH)2
- b) Al(OH)3
- c) Fe(OH)3
- d) Cu(OH)2
4) Фосфордың валенттілігі қандай?
- a) 1, 3
- b) 2, 5
- c) 3, 5
- d) 1, 2
5) Қай металл қышқылдармен жақсырақ әрекеттеседі?
- a) Al
- b) Ag
- c) Fe
- d) Mg
III. Ой қозғау: күрделі заттарды жіктеу
Берілген күрделі заттарды негізгі кластарға бөліп, атауын атап, тиісті ережелерін түсіндіріңдер (оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар):
Na2CO3, H2SO4, MgSO3, HCl, P2O5, HNO3, H2SiO3, H2O, Cu(OH)2, CO2, K2SiO3, HBr, Al2O3, Cr(OH)2, CaO, HF, Cl2O7, B2O3, H3BO3.
IV. «Кім жылдам?»: айналулар тізбегі
Берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
a)
C → CO → CO2 → CuCO3 → CO2 → H2CO3
b)
Cu → CuO → CuCl2 → Cu(OH)2 → CuO → Cu
c)
Fe → Fe2O3 → FeCl3 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe
d)
S → SO2 → SO3 → H2SO4 → BaSO4
V. Жұмбақ шешу
Жұмбақтың жауабын тауып, формуласын жазыңдар және тұрмыста қолданылатын атауын атаңдар.
a) Ол болмаса, асыңның дәмі кірмес. Ортада барын жұрттың бәрі білмес.
b) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
c) Адам мен жануардан бөлінеді, өсімдіктің торына ілігеді.
d) Аяғыңның астында жатады, тауға айналып, тас болып қатаяды.
VI. «Жұбыңды тап»
Берілген бөлшектер бойынша қышқылдар мен тұздардың формулаларын құрастырыңдар.
Берілген бөлшектер
NO3, H3, SO4, H, PO4, H2
Берілген иондар/элементтер
Cl, Ba, Na, SO4, PO4, Al
VII. «Білімділер байқауы»: есептер
a) 40 г темір(III) оксиді құрамындағы темірдің массасы қанша?
b) 4 г калий гидроксидіне тұз қышқылымен әсер еткенде қанша калий хлориді алынады?
c) 1,7 г күкіртсутектің құрамында қанша грамм күкірт бар екенін табыңдар.
d) KNO3, NaNO3, NH4NO3 қосылыстарындағы азоттың массалық үлесін есептеңдер.
VIII. Топтастыру: генетикалық қатар құру
Төмендегі заттарды пайдаланып, кальций мен фосфор үшін генетикалық қатар құрыңдар:
Na, H2SO4, Ca, P2O5, PbCl2, CaO, S, H3PO4, CaSO4, P, Na3PO4, Ca(OH)2, PbO
IX. Венн диаграммасы
Берілген бейорганикалық заттар кластарын салыстырыңдар:
Салыстыру 1
Тұз бен қышқыл.
Салыстыру 2
Негіз бен оксид.
Қорытынды
Мұндай сайыс сабақтары оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және зерделілігін дамытады. Сонымен қатар пәнге қызығушылықты арттырып, тілдік дағдыны жетілдіруге және білімді ұзақ уақыт есте сақтауға көмектеседі.
Үй тапсырмасы
Негізгі кластар бойынша сөзжұмбақ және тест құрастырып келу.