Теңдеу құрастыр

Сабақтың қысқаша сипаттамасы

Тақырыбы

Есепті теңдеу құру арқылы шығару

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Мақсаты

Есептерді теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру және есептеу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар теңдеулер көмегімен есептерді шешу алгоритмін біледі және оны практикада қолданады.

Модульдер

  • СТО
  • Талантты және дарынды балаларды анықтау
  • АКТ
  • ОүБ
  • Оқытудағы басқару мен көшбасшылық

Әдіс-тәсілдер

  • Тренинг, сергіту сәті
  • Топтық жұмыс
  • Бақылау және бағалау
  • Деңгейлік және логикалық тапсырмалар
  • Сұрақ-жауап, түсіндіру
  • Постер жасау, ойындар

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Көрнекіліктер

Сызбалар, кестелер, суреттер, оқулық, стикерлер, ИТ құралдары, бағалау парағы, геометриялық фигуралар, смайликтер.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл күйін көтеру және ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренинг өткізіледі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

II. Қызығушылықты ояту

«Ойлан, тап!» тапсырмасы.

Математик Білгішбектің тапсырмасы

1 кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты килограмм сары май қанша тұрады?

1-тәсіл (тікелей есептеу)

360 : 2 = 180

Жарты кг (500 г) — 180 теңге.

2-тәсіл (теңдеу құру)

x : 5 = 18

x = 18 · 5

x = 90

90 : 5 = 18

18 = 18

Талқылау: қай тәсіл ыңғайлы? Оқушылар теңдеу құрудың артықшылықтарын атап өтеді.

Негізгі ой: есепті теңдеу арқылы шығару — ізделінді шаманы нақты белгілеуге және шешімді тексеруге мүмкіндік береді.

III. Жаңа сабақ

Тақырып сөзжұмбақ арқылы ашылады: есепті теңдеу құру арқылы шешу.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Ой қозғау

  • Теңдеудің неше түрі бар? Қарапайым және күрделі.
  • Ұқсастығы: екеуі де теңдеу. Айырмашылығы: күрделі теңдеу екі немесе одан да көп амалмен орындалады, қарапайым теңдеу бір ғана амалмен орындалады.

IV. Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс)

№1 (152-бет). «Теңдеулер жаз және шеш» тапсырмасы.

Тапсырма 1

Ойлаған сан мен 160-тың қосындысы 350-ге тең.

x + 160 = 350

Тапсырма 2

Егер 120-ны ойлаған санға қоссақ, 205 шығады.

x + 120 = 205

Тапсырма 3

370 пен ойлаған санның қосындысы 9000 мен 10-ның бөліндісіне тең.

370 + x = 9000 : 10

№3 (152–153-бет). «Теңдеу құрастыр» тапсырмасы.

а) Алма туралы есеп

Жәшікте бірнеше килограмм алма болды. Жәшіктен 8 кг алма алынғаннан кейін, онда 13 кг алма қалды. Бастапқыда жәшікте неше кг алма болған?

Шешуі

x − 8 = 13

x = 13 + 8

x = 21

Тексеру

21 − 8 = 13

13 = 13

Жауабы: 21 кг алма.

ә) Ұн туралы есеп

Асханаға бір қап ұн әкелінді. Түскі асқа 12 кг ұн, ал кешкі асқа 15 кг ұн жұмсалды. Егер кешке қарай қапта 23 кг ұн қалған болса, бастапқыда қапта неше кг ұн болған?

Шешуі

x − (12 + 15) = 23

x = 23 + 27

x = 50

Тексеру

50 − (12 + 15) = 23

23 = 23

Жауабы: 50 кг ұн.

б) Айран мен нан туралы есеп

Айғаным 3 қорап айран және бағасы 64 теңге болатын бір нан сатып алды. Барлық сатып алған затына 514 теңге төледі. Бір қорап айран неше теңге тұрады?

Шешуі

3x + 64 = 514

3x = 514 − 64

3x = 450

x = 450 : 3

x = 150

Тексеру

3 · 150 + 64 = 514

514 = 514

Жауабы: 150 теңге.