Ғарышты игеру

Ғарышқа ұшу және ғарышты игеру

Бұл материал ғарыш және ғарышты игеру ұғымдарын түсіндіруге, сондай-ақ оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын оятуға бағытталған.

Тақырып

Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру

Мақсат

Ғарыш және ғарышты игеру ұғымдарымен таныстыру

Көрнекіліктер

Слайд: Ю. Гагарин, Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев; жұлдызды аспан суреттері

Міндеттері

  • 1 Тұңғыш ғарышкермен және қазақ ғарышкерлерімен таныстыру; олардың ғылыми еңбектері туралы әңгімелеп, оқушылардың зерттеуге қызығушылығын арттыру.
  • 2 Танымдық қызығушылықты дамыту; бақылау, талдау және қорытынды жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
  • 3 Ғарыш әлеміне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасайтынымыз хабарланып, олардың зейіні сабаққа бағытталады.

Білім сыры көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін үйретер,
Дүниетану сабағы.

2) Білімдерін тексеру

Оқушылардың алдыңғы білімін анықтау үшін тест тапсырмасы ұсынылады.

1-сұрақ

Күн жүйесінің ғаламшарларын кімдер зерттейді?

  • A) Географтар
  • Ә) Астрономдар
  • Б) Экологтар
  • В) Химиктер

2-сұрақ

Күнді неше ғаламшар айналып жүр?

  • A) 7
  • Ә) 8
  • Б) 11

3-сұрақ

Юпитер — бұл...

  • A) Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар
  • Ә) Күн жүйесіндегі ең кіші ғаламшар

4-сұрақ

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орналасқан?

  • A) Шолпан, Жер, Марс, Меркурий, Нептун, Сатурн, Уран, Юпитер
  • Ә) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Нептун, Сатурн, Юпитер, Уран
  • Б) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун

5-сұрақ

Жердің серігі бар ма?

  • A) Бар, біреу
  • Ә) Жоқ
  • Б) Бар, екеу

Жауап кілті

1 — Ә, 2 — Ә, 3 — A, 4 — Б, 5 — A

Блиц-турнир

Жұлдыз деген не?

Аспан денесі.

Жұлдыздар неге жарқырайды?

Олар — аспан денелері. Күн де жұлдыз.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылғы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 Май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары. Ол техника ғылымдарының докторы, академик, авиация генерал-майоры, әрі ұшқыш-инженер. 1965–1969 жылдары Армавир қаласындағы әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында білім алған.

Негізгі ой

Ғарышкерлердің жетістігі ғылымға сүйенеді және жас ұрпақты зерттеуге, бақылауға, дәлелдеуге үйретеді.

Біздің ортақ үйіміз

Орман, тау, өзен, көл — бәрі ортақ байлығымыз. Біз өмір сүретін орта — Жер планетасы.

Ғарышқа қалай ұшады?

Ғарыш әлемін көру үшін зымыранмен ұшу қажет. Зымыран — жер мен аспан арасындағы ең жедел көлік түрлерінің бірі.

Ғарышкерлер зымыранмен ғарышқа көтерілген соң, ғарыштағы құбылыстарды бақылап, суретке түсіреді, сондай-ақ түрлі зерттеулер жүргізеді. Нәтижелерін Жерге тұрақты түрде хабарлап отырады.

Негізгі ұғым: скафандр

Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады және ғарыш жағдайына бейімделіп жасалған қорғаныс киімі болып табылады.