Мәтінді жүгіртіп оқу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән
Ана тілі (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Еліміздің мемлекеттік рәміздері: Ту
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Әдістер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау-жинақтау
Көрнекілігі
Слайдтар, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімін толықтырады, Мемлекеттік Ту туралы қосымша мәлімет алады, түсінігі кеңейеді.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсінігін кеңейту; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі — Ту туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту; оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ету.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу; ел Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге, халықтың тарихы мен тегін білуге баулу.

Негізгі құндылықтар

  • Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу
  • Тарихқа құрмет
  • Азаматтық жауапкершілік

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа психологиялық дайындық жүргізіледі.

Тәрбие сәті (өлең жолдары)

Ана тілін құрметте, Ар-ұятты кірлетпе. Жақсыларға жақ болып, Жамандықты үлгі етпе.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Үй тапсырмасы: «Менің сүйікті қалам» тақырыбына шығарма жазу.
  • Шығарманы оқу, талдау, сұрақтар арқылы қорытындылау.

Сергіту сәті

Дөңгеленіп тұрамыз, Керегені құрамыз. Уық болып иіліп, Шаңырақты құрамыз.

Сұрақ

Бұл аталғандар рәміздердің қайсысында кездеседі?

III. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді:

1-топ

Қыран

2-топ

Алтын күн

3-топ

Көк аспан

IV. Жаңа сабақ

Сабақтың ашылуы

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

1) Білімді өзектендіру

Балалардың мемлекеттік рәміздер туралы білетінін пысықтау.

2) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Түсіндіру және қосымша мәлімет беру.

Ту туралы мәлімет

Ту (ағылш. flag) — арнайы түстері бар, белгілі бір геометриялық пішіндегі мата. Әдетте ту флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік ту — мемлекеттің негізгі рәміздерінің бірі.

Туларды зерттейтін ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — ту, байрақ) деп аталады.

Ту — белгілі бір өлшемдегі матадан тұрады және металл ұштығы бар ағаш сырыққа бекітіледі. Ол алыстан анық көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай және басқа елдерде пайда болған.

Тарихи мәні

  • Шайқаста туынан айырылған жасақтар таратылған.
  • Дұшпанның туын қолға түсіру — ерекше ерлік саналып, жауынгерлер марапатталған.
  • Көшпелі халықтар (сақ-скифтер, ғұндар, түркілер және т.б.) туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде қастерлеген.

Көшпелі дәстүрде ту үлкен матадан желек түрінде жасалып, найза сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерді рухтандыру үшін туға киелі белгілер (жыртқыш аңдар, айдаһар басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) бейнеленген.

Ту әскердің киесі саналғандықтан, оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. «Ту желбіресе — жеңіс, ту құласа — жеңіліс» деген ырым болған.

Қазақ қоғамында ханның туынан бөлек, белгілі қолбасыларға да ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан тұсында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек сияқты әйгілі батырлардың өз тулары болған. Кейін бұл тулар ұрпақтарына мұра болып қалып, кие тұтылған.

Қазіргі тәртіп

Мемлекеттік Ту тігілетін немесе орнатылатын орындар заңмен белгіленеді. Олардың қатарында Президент резиденциясы, Парламент пен Үкімет ғимараттары, министрліктер, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, прокуратура органдары, Ұлттық ғылым академиясы, мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың ғимараттары бар. Бұл орындарда Мемлекеттік Ту тұрақты түрде желбіреп тұруға тиіс.

Сондай-ақ нәресте дүниеге келген және некені салтанатты түрде тіркейтін орындарда да Мемлекеттік Ту ел назарында болуы қажет.

Тапсырмалар мен бағалау

Сыныптағы жұмыс

  1. 1 Мәтінді жүгіртіп оқу.
  2. 2 Оқушылардан Ту туралы білетіндерін сұрау.
  3. 3 ҚР рәміздері туралы жаттап келген өлеңдерін тыңдау.
  4. 4 «Егер мен Президент болсам…» тақырыбына қысқаша әңгіме жазу.

Сұрақ-жауап (сайыс бөлігі)

  • Мемлекеттік Тудың авторы кім?
  • Мемлекеттік Әнұранның авторлары кімдер?
  • ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
  • ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды?
  • Вексиллология дегеніміз не?
  • Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен ені қандай?
  • ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
  • Қазақстанда қанша облыс бар?
  • 2011 жылы елімізде қандай айтулы мереке атап өтілді?

V. Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрағы

Мемлекетіміздің рәміздерін ата.

Қорытынды өлең

Қазақстан рәміздері — елдігімнің белгісі, Білу керек балаға дейін ең кіші. Әнұран, көгілдір Ту, Елтаңба — Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

VI. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу (83–85-беттер).
  • 1 шумақ өлең құрастырып жазып келу.
  • Тудың суретін салу.

Бағалау

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен топ марапатталады.

Ескерту

Марапаттау кезінде оқушылардың белсенділігі, жауаптарының толықтығы және топтық жұмыстағы ынтымақтастығы ескеріледі.