Қазанғаптың күйлері
Сабақтың тақырыбы
Күйге тіл бітірген Қазанғап және оның күйлері
Сынып
6-сынып
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Көрініс, топтастыру, сұрақ-жауап, тыңдау, үйрену
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға күй шешені Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Күйлерін тыңдата отырып, олардың мазмұнын түсінуге жетелеу, өз ойын ашық айтуға және пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, елжандылық қасиеттерін сіңіру, тарихи тұлғаларды қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Танымдық белсенділігін арттыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Күйшінің портреті
- Үнтаспа
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ақан сері туралы бейнефильмнен үзінді тыңдатып, оқушыларға тапсырмалар беру.
Тапсырма:
«Құлагер» әнін тыңдап, мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
III. Жаңа сабақ
Жоспар
- Қазанғаптың өмірбаяны
- Домбыра туралы мәлімет
- Қазанғап өмірінен қысқаша көрініс
- Қазанғап күйлерін тыңдау және талдау
- Қазанғаптың күйлері
- Қазанғаптың шәкірттері
- А. Жұбановтың еңбегі
- Ән: Т. Базарбаев — «Ауылым»
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топ өз жетекшісін сайлайды.
Мағынаны тану: Қазанғап Тілепбергенұлы
Қазанғап Тілепбергенұлы 1854 жылы Арал көлінің жағасындағы Құланды түбегінің Ақбауыр өңірінде дүниеге келген. 1927 жылы Айшуақ ауылы маңында өмірден өтті.
Шыққан тегі
Қазанғаптың шыққан тегі — Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі Шанышқылы. Шежіре деректерінде Ұлы жүз Ақарыстан тарайды: Кейкі би — Төбей — Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйыл. Қоғамнан Қаңлы мен Шанышқылы тарайды. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бекетау туып, Қазанғаптың аталары Қырықсадақтан өрбігені айтылады.
Өнер жолының басталуы
Қазанғап — қазақтың әйгілі күйші-композиторы, эпикалық күйшілік дәстүрдің көрнекті өкілі. Жас кезінен қойшылық тіршілікке араласып, он жыл бойы домбыраны жан серігіне айналдырады. Сол жылдары ол сезім-түйсігін күй тілімен жеткізуді машық етеді. Кейін күй өнеріне біржола бет бұрып, ата-анасынан рұқсат алып, өмірін домбыраға арнайды.
Ұстаздар мен сапарлар
Қазанғап Доңызтау мен Аққолқада — Төрешпен, Бесқалада — Орынбай, Құрманиязбен, Орынборда — Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабы, Үстірт, Маңғыстау, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор өңірлерін аралап, ел ішіндегі күй сарындарын бойына сіңіреді. Додалы күй сайыстарына қатысып, өнерін шыңдайды. Бұл тәжірибе оның табиғи дарынының айқын танылуына, шығармашылық қуатының артуына ықпал етеді.
Күйлерінің сипаты
Қазанғаптың күйлері өткенге де, бүгінге де, болашаққа да терең бойлайды. Оның шығармаларында халық тарихындағы алмағайып кезеңдер, өмірдің мәні мен сәні, ұлттың ертеңі туралы ой-толғаныс айқын сезіледі.
Топтастыру
Қазанғап туралы тұжырым
Қазанғап — күйші-композитор, эпикалық күй дәстүрін дамытқан тұлға. Ол өмірдің мәні мен сәні, бүгін мен болашақтың қамы туралы терең толғанған күйшілердің бірі.
Домбыраның үні
Қазақтың қоңыр домбырасының қос ішегінен төгілген әуеннің айтары мол: сөзбен жеткізе алмас сыр да, көңілдің мұңы мен қуанышы да домбыра тілімен жүрекке жетеді.
Сұрақ-жауап: Домбыра туралы не білеміз?
- 1 Домбыра аспабы туралы қандай мәлімет білеміз?
- 2 Домбыраның құдіреті неде?
Көрініс: «Көкіл» күйінің шығу тарихы
Бір сапарында Қазанғап астық алып қайтпақ болып, теңіз жаққа беттеген сауда керуеніне ілеседі. Жолай Қарақамыс ауылының тұсынан өтіп бара жатып, тігулі тұрған ақ ордалы ауылды көреді. Бұл — Үсен төренің ауылы екенін білген соң, арнайы бұрылып барып сәлем береді. Сол кездесуде Қазанғап жаңа «Көкіл» күйін шығарып, тарту етеді. Күй Үсен төренің көңілінен шығады.
Тыңдау және талдау
«Көкіл» күйін тыңдап, әуеннің көңіл күйін, ырғақтық ерекшелігін және мазмұндық идеясын талдау.
Автор туралы мәлімет
№35 мектеп-гимназиясы, музыка пәні мұғалімі — Дильмуханова Сандуғаш Темірбайқызы.