Отбасындағы ананың рөлі
Дөңгелек үстел туралы
Тақырыбы
Өнеге отбасынан
Түрі
Топтастыру
Көрнекілігі
- Слайд, бейнеролик
- Нақыл сөздер
- Стикер, кері байланыс, сұрақша қағаздар
- Шырақтар
Мақсаты
- Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екенін түсіндіру.
- Отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Ата-аналарға рухани-адамгершілік білім туралы түсінік беру.
Өткізу барысы
1) Шаттық шеңбері
Жылы қарым-қатынас«Алақанды ашайық. Жүрекке жылу салайық. Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге сыйлайық» деген ниетпен ата-аналар бір-біріне жылы сөздер айтып, ізгі тілектерін білдіреді.
2) Кіріспе
Ой қозғауЕлбасы Н. Ә. Назарбаевтың «2050» ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында отбасы тақырыбы басты мәселелердің бірі ретінде атап өтіледі. Осы бөлімде «Өнегелі отбасы – ұлт болашағы» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, отбасының мәні туралы қысқаша түсінік беріледі.
Маңызды дерек
Қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні.
Түйін
Отбасы — шағын мемлекет.
Негізін қалаушылар
Әке, ана, бала.
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі — отбасы» (Сэмюэл Смайлс, шотландық ғалым)
Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына, өсіп-жетілуіне және адами құндылықтарды бойына сіңіруіне жағдай жасау — ата-ананың міндеті. Ал жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде баланың рухани әрі жан-жақты білім алуына ықпал ететін маңызды тұлғаның бірі — ұстаз.
3) «Балаңызға деген сүйіспеншілік» тапсырмасы
Практикалық бөлімАта-аналарға жүрекше стикерлер таратылады. Баланың жан дүниесі толып тұрған ыдыс секілді: оған ата-ана өз үлесін қосады. Стикерге мына сұрақтарға жауап ретінде ойларыңызды жазыңыз:
- Балаңыздың бойынан қандай қабілеттерді көргіңіз келеді?
- Балаңыз сізден қандай жақсы қасиеттерді алғанын қалайсыз?
Жазылған жүрекшелер арнайы «ыдысқа» салынып, қатысушылар өз ойларын дауыстап бөліседі.
Қорытынды: ата-ананың махаббаты мен сүйіспеншілігі — бала үшін бақыттың бастауы. Дәл осы сезімдер арқылы сіздер баланы өз орнын табуға, өмірде дұрыс бағыт ұстануға үйретесіздер.
4) Ойлануға түрткі болатын дерек және талқылау
ТалқылауБелгілі педагог Симон Соловейчик келтірген статистика бойынша ата-аналар баласының тәрбиесіне күніне орта есеппен 17 минут қана арнайды. Осы уақыт ішінде жақсы адам тәрбиелеу үшін нені өзгертуіміз керек?
«Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы»
Әл-Фараби
«Соғыс кезінде талай сұмдықты бастан кешіріп, қорықпаған едім. Енді кітап оқы деп айтпаған әкеден, ертегі айтпаған әжеден, бесік жырын айтпаған шешеден… үйрет деп жатқан ата-ана жоқ, үйренейін деп жатқан бала жоқ өскелең ұрпақтан қорқамын».
Бауыржан Момышұлы
«Балаңызды қаншалықты жақсы танисыз?» деген сұрақ аясында «Бала және әлеуметтік желі» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылады.
Талқылау бағыттары
- Отбасындағы әкенің рөлі
- Отбасындағы ананың рөлі
- Отбасындағы баланың рөлі
Автор туралы
Қайнар мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: Тұрғанбаева Ақтолқын Аманбайқызы
Қосымша материалдар
- «Өнеге отбасынан» материалы Жүктеу
- «Өнеге отбасынан» слайдтары Жүктеу