Беспаева Күлімханның орындауында Мектебім әні және Бәйшешек бишілер тобы

Фестиваль туралы

ОҚО Білім басқармасының 2016 жылғы 22 қарашадағы №516 бұйрығына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай, ақын шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Білімді ел – мәңгі ел» атты өнер фестивалі өткізіледі.

Мақсаты

  • Әлеуметтік бейімделу: өскелең ұрпақтың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.
  • Талантты қолдау: табиғи дарынды балаларды сахна төріне шығару.
  • Мәдениет пен әдебиет: ұлттық мұраны дәріптеу, әдебиетке қызығушылықты арттыру.
  • Жаңаша көзқарас: дүниетанымдық тұрғыдан жаңа бағытта жұмыс жүргізу.
  • Іріктеу: дарынды және талантты қатысушыларды анықтау.
  • Туған өлке: жасөспірімдердің туған жерге сүйіспеншілігін күшейту.

Іс-шара барысы

1) Жүргізушілер сөзі

Қонақтарға құрмет білдіріліп, фестивальдің идеясы мен тарихи мәні таныстырылады.

2) Концерттік бағдарлама

Ән, күй, би және көркем сөз арқылы білім мен елдік құндылықтары дәріптеледі.

3) Көрме

Оқушылар мен тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстары, ұлттық өнерге қатысты көрнекіліктер ұсынылады.

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

Мақсат

Ассалаумағалейкум, қадірменді өнер сүйер қауым!

Тарих — халқымыздың сан ғасырлық жүріп өткен жолы, бастан кешкен қилы тағдыры, жеңілісі мен жеңісі. Өркениетті елдер қатарында көк байрағын асқақ желбіреткен қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті.

«Тәуелсіздік — халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі», — деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі әрқайсымыз үшін мәнді. Бұл жол бізге оңай келген жоқ: ата-бабаларымыз кең-байтақ жерді қорғап, ұрпаққа аманат етіп қалдырды.

Карина

Здравствуйте, дорогие гости!

Мы славим свою Родину и свой край. Поэтому нынешнее поколение должно знать и понимать: образованные, перспективные и успешные люди всегда нужны нашей стране.

Сейчас XXI век — век нового поколения, которому предстоит стать опорой молодого государства. Нам важно уделять большое внимание учебе, стремиться получить максимум знаний. От нас зависит будущее страны.

«Казахстану необходима интеллектуальная революция, которая позволит пробудить и реализовать потенциал нашей нации», — отмечал Н. А. Назарбаев.

Концерттік бағдарлама: негізгі нөмірлер

Ұлт-аспаптар оркестрі

№2 Төле би балалар үйінің ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында: Кенжебек Күмісбековтың «Өмір жолы» күйі және Нұрғиса Тілендиевтің «Аңсау» күйі. Көркемдік жетекшісі — Есеналиев Ахмет Тағанұлы.

Ән: «Мектебім»

«Мектебім» әні — Төребаева Ақботаның орындауында.

Би: «Ой, жайлауым»

«Балдаурен» бишілер тобының орындауында «Ой, жайлауым» биі.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде, бишілер өнерін нәзік қимылмен өрнектейді.

Мұқағалиға тағзым

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім!

Қазақ өлеңінің аспанында ерекше жарқыраған жұлдыз — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Оның өлмес мұрасы — өлеңі, халық жүрегіндегі мәңгілік ізі.

«Ей, менің өткелдерім» — Бисенов Бикелдінің орындауында.

Достық пен бірлік

Қазақстан — көпұлтты, бір шаңырақ астында тату өмір сүретін ортақ үй. Достықтың берік болуы — елдің ең үлкен құндылығы.

«Дива» қыздар би тобы — татар биімен.

Ән: «Куда уходит детство»

Карнейчук Каринаның орындауында «Куда уходит детство».

Анамыздай аялап, баптаған ұстаздарды ізгілікке бастаған еңбекке мың алғыс — жүрек сөзі.

Білім туралы ой

Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қол жеткізер. Ізгілік те, биік мақсат та — біліммен табылады. «Білімді мыңды жығар» — идеясы қуыршақ театры арқылы ұсынылады.

Күй: «Сарыарқа»

«Сарыарқа» күйі орындалады. «Менің Қазақстаным — менің үйім, менің Отаным» деген ой — бағдарламаның өзегі.

Ән мен би: «Мектебім» және «Бәйшешек»

Беспаева Күлімханның орындауында «Мектебім» әні, сондай-ақ «Бәйшешек» бишілер тобының биі.

Домбыра үні: «Адай»

Бабалардан қалған асыл мұра — домбыра. Қос ішектің қоңыр үнімен домбырашылар Құрманғазы Сағырбаевтың «Адай» күйін орындайды.

Ұйымдастыру туралы мәлімет

ОҚО, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр елді мекені — №2 Төлеби балалар үйі.

Материал: Алия Бейсебаева (өңделіп, редакцияланды).