Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім

Танымдық сайыс

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ

Бұл материал 1-сынып оқушылары арасында өтетін танымдық сайыстың мазмұнын ұсынады. Мақсат — оқушылардың білім деңгейін тексеру, Қазақстан туралы түсінігін кеңейту және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Форматы

  • Түрі: Танымдық сайыс
  • Әдісі: Сұрақ–жауап
  • Қатысушылар: 1-сынып оқушылары

Құрал-жабдық

  • Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
  • Интерактивті тақта, компьютер

Негізгі идея

Тәуелсіз елдің тірегі — білімді, саналы, отансүйгіш ұрпақ. Мұғалімнің міндеті — елін, жерін сүйетін оқушы тәрбиелеу; оқушының міндеті — жақсы оқып, тәртіпті, мәдениетті азамат болуға ұмтылу.

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейін тексеру; Қазақстанның тәуелсіздігі туралы білімін кеңейту.

Тәрбиелік

Отанды сүюге, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге, ел байлығын қорғауға баулу; болашақта Қазақстанды өркендету үшін білімді азамат қажет екенін ұғындыру.

Дамытушылық

Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтап, жалғастыруға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз (жүргізуші мәтіні)

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін 1-сынып оқушылары арасында өтетін «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер!

Құрметті оқушылар, сендер — білімге құштар, талапты, ойлы оқушыларсыңдар. Бүгін 12 оқушы сайысқа қатысады, қалған оқушылар жанкүйер болады. Қатысушылар 6 оқушыдан екі топқа бөлінеді. Әр топ өз атауын және төсбелгісін таныстырады.

Ой шақыру

Бүгінде Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ел болашағы — білімді ұрпақтың қолында.

«Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер». Ендеше, білімімізді сарапқа салатын сәтті бастайық.

Сайыс ережесі

  • Сұрақ оқылғанда мұқият тыңдап, жауап бергің келсе қол көтересің.
  • Алғаш болып белгі берген (жетон көтерген) оқушы жауап береді.
  • Әр дұрыс жауап — 1 ұпай. 1 ұпай — 1 жұлдыз ретінде есептеледі.
  • Егер бірінші оқушы жауап бере алмаса, қарсы топ жауап беруге мүмкіндік алады.

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Сайыс бөлімдері мен тапсырмалар

II бөлім: «Бәйге» (10 сұрақ)

10 сұрақ топ басшыларына оқылады. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

  1. 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж., 16 желтоқсан)
  2. 2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа кім және қашан ұшты? (1991 ж., 2 қазан — Тоқтар Әубәкіров)
  3. 3. Ел рәміздерін атаңыз. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  4. 4. «Жүз жасаған жыр алыбы» кім? (Жамбыл)
  5. 5. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)
  6. 6. Қазақ елінің астанасы қай қала? (Астана)
  7. 7. Әнұранның авторлары кімдер? (Әні: Ш. Қалдаяқов; сөзі: Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)
  8. 8. Атырау облысының әкімі кім? (Бергей Рысқалиев)
  9. 9. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)
  10. 10. Қазақстан туының авторы кім? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)

Үзіліс

Өнер көрсетілімін тамашалаймыз: «Айгөлек» әні.

III бөлім: «Қасиетті жетілік» (7 тапсырма)

  1. 1. Сезім мүшелерін ата. (Көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)
  2. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
  3. 3. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (Төрт: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)
  4. 4. Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін айтып бер.
  5. 5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. (Домбыра, қобыз, жетіген)
  6. 6. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)
  7. 7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет Елбасы болып сайланды? (1991 ж., 1 желтоқсан)

IV бөлім: «Кім тапқыр?» (қызықты сұрақтар)

  1. 1. Атырау жері несімен бағалы? (Қара алтынымен — мұнай; қызыл балығымен)
  2. 2. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (Қыран)
  3. 3. Ауылымызда биыл қандай қуаныш болып жатыр? (Газ жүргізілуде)
  4. 4. Бірдей 4 ыдыста 8 кг май бар. Осындай 2 ыдысқа қанша кг май сыяды? (4 кг)
  5. 5. Әнұранның қайырмасын айтып бер.
  6. 6. Апай 20 оқулықты 5 сыныпқа тең бөліп берді. Әр сынып неше оқулықтан алды? (4)
  7. 7. 6-ның жартысы нешеге тең? (3)

V бөлім: Шығармашылық тапсырма — «Отаным менің – Қазақстан»

Мақтан тұтып Отанымның өткенін,
Тіл қайнардан қанығуға талпынған.
Қазақстан іргелі елге жеткенін,
Көргім келіп арман-оймен алқынған.

Енді әр оқушы 3–4 сөйлем көлемінде «Отаным менің – Қазақстан» тақырыбында өз ойы мен арман-тілегін ақ қағазға түсіреді. Жұмыста аты-жөні көрсетіледі.

Бір оқушы осы тақырыпқа сурет салады.

Үзіліс

Шығармашылық жұмыстар орындалғанша, Назеркенің биін тамашалаймыз.

VI бөлім: «Көкпар» — мақал-мәтелді жалғастыр

Жүргізуші мақалдың басын айтады, оқушылар жалғасын табады.

1) Оқу – білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

2) Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

3) Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

4) Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

5) Жүз теңгең болғанша,

Жүз досың болсын.

Өнер көрсетілімі

3 «А» сынып оқушысы Рысгүлдің биін тамашалаймыз.

Қорытынды және марапаттау

Ұпай санау

  • Әр топтың жинаған жұлдызшалары саналып, ұпай саны анықталады.
  • Сарапшы ұстаздар қорытынды бағаны шығарады.

Жанкүйерлерге сұрақ

  1. 1. Алдыңғы орыннан қай топ көріне білді?
  2. 2. Қазақстан қандай ел?
  3. 3. Қазақстанның тұғыры биік болуы үшін не істеуіміз қажет?

Жабылу сөзі

Бүгінгі «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.

Ертеңгі елдің тірегі — бүгінгі жас ұландар.
Күндей аппақ жүрегі — келеді өсіп қырандар.

Қатысушылар ортаға шақырылады. Марапаттау: алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталады.

Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда —
Мен жастарға сенемін.

Тәуелсіз еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Ұстаздарымыз аман болсын!

Соңында Әнұран орындалады.