Сабаққа керекті құрал жабдықтар

Сабақтың мақсаты

Студенттердің білімін және кәсіби дағдыларын жаңа деңгейге көтеруге жағдай жасау, компьютерде жылдам әрі тиімді жұмыс істеу технологияларын дамыту.

Білімділік мақсаты

Операциялық жүйе бойынша білімді бекіту, электрондық кестемен жұмыс кезінде ұғымдарды толық түсінуге және білімді тапсырмалар орындауда қолдана білуге дағдыландыру; пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік мақсаты

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды журнал бойынша тексеру, келмегендерді белгілеу.
  • Оқу құралдарының дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Пернетақтада орыс әріптерінен ағылшын әріптеріне қалай ауысуға болады?
  2. Тапсырмалар тақтасы қайда орналасады?
  3. Жұмыс үстеліндегі Мой компьютер және Корзина элементтерінің қызметі қандай?

III. Жаңа сабақ

Windows жүйесінде белсенді жұмыс істеу үшін терезелермен жұмыс істеуді меңгеру қажет. Мысалы, Мой компьютер терезесін ашу үшін оның белгішесінің үстінен маустың сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз.

Терезенің тақырып жолағы

Терезенің жоғарғы бөлігінде тақырып жолағы орналасады (мысалы, «Мой компьютер»). Меңзерді тақырып жолағына апарып, сол жақ батырманы басып ұстап тұрып жылжытсаңыз, терезе экран бойымен қажетті бағытта орын ауыстырады.

Жинау

Терезе экраннан жасырылады да, тапсырмалар тақтасында атауы бар батырма пайда болады. Сол батырманы шерткенде терезе қайта ашылады.

Жаю

Терезе толық экранға жайылады. Қайта шерткенде бастапқы қалпына келеді.

Жабу

Терезе толық жабылады.

Терезе өлшемін өзгерту

Терезенің ауданын қолмен өзгертуге болады: терезенің шетіне меңзерді апарыңыз, сол жақ батырманы басып ұстап тұрып қажетті бағытқа жылжытыңыз, керекті өлшемге жеткенде батырманы жіберіңіз.

Мәзір жолағы және командалар

Тақырып жолының астында мәзір жолағы орналасады. Әр терезеде мәзір құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Мой компьютер терезесінде әдетте мына бөлімдер кездеседі:

Файл Правка Вид Избранное Справка

Белгілі бір мәзір тармағын таңдағанда ішкі бөлімшелер ашылады. Көп жағдайда бөлімшені шерткенде әрекет орындалады немесе диалогтік терезе пайда болады.

«Вид» тармағы: көрсету режимдері

«Вид» мәзірінде терезедегі көріністі баптайтын параметрлер бар. Мысалы:

  • Құралдар панелі — жиі қолданылатын операциялар батырмаларын көрсетеді.
  • Қалып жолы — төменгі бөлікте таңдалған файлдар мен сипаттар туралы мәлімет береді.
  • Как веб-страница — терезені веб-парақ түрінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Көрсету режимдерінің кейбірі баламалы түрде жұмыс істейді: бір режимді қосу екіншісін автоматты түрде өшіруі мүмкін.

Көрініс

Крупные значки

Көрініс

Мелкие значки

Көрініс

Список

Көрініс

Таблица

«Мой компьютер» терезесіндегі негізгі белгішелер

«Мой компьютер» терезесінде әдетте мына белгішелер болады. Оларды ашу көбіне маусты екі рет шерту арқылы орындалады:

  • [A:]
  • [C:]
  • Панель управления
  • Принтеры

Көп терезелерде айналдыру жолақтары (жоғары/төмен жылжыту) болады. Құралдар панелінде жиі кездесетін тағы бір маңызды батырма — бір деңгей жоғары көтерілу (ата-аналық бумаға оралу).

Карточкамен шығармашылық жұмыс

Қосымша тапсырма

Біз, студенттер, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы «Қазақстан–2050» стратегиясына сүйене отырып, электрондық кестеде жасымызды автоматты түрде есептеп шығарамыз: 2050 жылға дейін қанша жасқа келетінімізді жол бойымен толтыру арқылы анықтаймыз. Сонымен қатар, жасты әртүрлі тәсілмен, соның ішінде формула арқылы есептеуді үйренеміз.

Автор туралы мәлімет

Өңір

ОҚО, Түркістан қаласы

Оқу орны

№21 колледжі

Лауазымы

Оқу-өндірістік шебер

Аты-жөні

Темирбаева Айгуль Мейрамбековна

Материалдың тақырыбы

Windows жүйесінде терезелермен жұмыс істеу ережелері және диалогтік терезе