Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында, Шырқалсын Қазақстан әнұраны

Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебі. Тәрбие ісінің меңгерушісі — Абенева Ақнұр Сыңғырла. Соңғы қоңырауға арналған мерекелік бағдарлама басталады.

Музыка ойнатылады.

Жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын именіп аттаған ұл-қыздарымыз бүгін есейіп, ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн — мектеп тарихында да, мектеп бітіруші түлектердің жадында да мәңгі өшпес күн.

Түлектерді ортаға шақыру

Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар! (Түлектер 1-сынып оқушыларымен бірге шығады.)

Арнаулар

1) Арнау

Сәнге бөлеп, төккен бізге ән-жырын,
Өнері асқан, Арнау атты бар ұлың.
Қазақстанға танылсын деп тілейміз,
Арнау — сенің сегіз қырың, бір сырың!

2) Гүлназ

Анасының жолын қуған Гүлназ қыз,
Биология пәнін еш қорықпай таңдадыңыз.
Арманыңа жетесің деп сенеміз,
Емделуге болашақта келерміз!

3) Бақтияр

Физика мен алгебраны сүйетін,
Отаны үшін күйгенде, шын күйетін.
Ақылына бойы сай Бақтиярға,
Бар ма екен біреу тең келетін?

4) Азат

Қожанасыр деп теңесек, кем болмас,
Қиындыққа ешқашанда жем болмас!
Болашақта ел қорғаны болары анық —
Азат деген серіні кім білмес?

5) Қымбат

Сөз тапқанда қолқа болмас Қымбатқа,
Тарих пәнін айтып берер ол жатқа.
Кетігін тауып қаланарсың өмірге,
ҰБТ-дан өтіп келгін, мүдірмей!

6) Айдана

Нәзіктігің жарасады бойыңа,
Биология ойыңда, жүрек қойнауыңда.
Айдана, сәттілік саған тілейміз,
ҰБТ-дан сүрінбей өт, мойыма!

7) Ерахмет

Спортты серік еткен жаныңмен,
Биіктерден көрінерсің алдыңнан.
Ақ жол саған тілейміз, Ерахмет,
Еліңе адал қызмет ет бар ниетпен!

8) Әуелхан

Шешендіктің белгісі бар қаныңда,
Әр ісіңнен байқалады сақтық та.
Функцияң өсе берсін бір сарында,
Әуелхан, тілейміз саған сәттілік!

9) Айым

Үміт артқан мектеп пен дос-жаран,
Ел еркесі болып жүрген әрқашан.
ҰБТ-дан 125 аласың деп сенеміз,
Айым, саған сенім артып келеміз!

Салтанатты ашылу

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Бүгін қызығы мен қиындығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектеп мерекесі — соңғы қоңырау салтанаты. Оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіріп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын бұл салтанатты ашық деп жариялаймын!

Мектеп қой еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында
Шырқалсын Қазақстан Әнұраны!

(Әнұран орындалады.)

Қонақтарға сөз беру

Жүргізуші:

Қонақ деген — ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Соңғы қоңырау салтанатына ортақ болған
Қонақтарға мен енді сөз берейін!

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Осы орайда мектеп директорының міндетін атқарушы Каирдолдина Гүлназ Нұрғұметқызына сөз беріледі.

Сынып жетекшілеріне құрмет

Ұстазсыз шәкірттерге бақ берген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған —
Сөз кезегі жетекші бапкерлерде.

Түлектерге кезек

Жас жүректің өмірлік құштары — гүл,
Бағбан — ұстаз, баулыған құстары — бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Келесі кезек — алтын ұя мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы тұрған мектеп бітіруші түлектерге. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Алдарыңда сан тарау жолдарың тұр,
Бәрің ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне —
Келген қауым, қол соғып, қолдаңдар бір!

(11-сынып өнер көрсеткеннен кейін.)

Бірінші сыныптың құттықтауы

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ — еліміздің шын тілегі.
Ортаға шығып, қанекей, тілек айтсын,
Бірінші сыныптың «мен» деген әр түлегі.

(1-сынып оқушыларының құттықтау сөзі.)

Ата-аналарға сөз

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

11-сынып оқушысы Тлеубек Айымның анасына сөз беріледі.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» деген жол бастапқы мәтінде бар болғанымен, сценарийдің мазмұнына қатысы жоқ сілтеме ретінде алынып тасталды.