Сән журналынан бұйым таңдау
Сабақтың тақырыбы
Сән журналынан бұйым таңдау. Өз өлшем бірлігін анықтау. Үлгілер дайындау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Burda сән журналымен сауатты жұмыс істеуді, өз өлшемдеріне сәйкес үлгілерді дұрыс көшіруді үйрету.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, талғампаздыққа және алған білімді іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Шығармашылық белсенділікті, танымдық қызығушылықты және практикалық шеберлікті дамыту.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Формат
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың типі: жаңа білім беру
- Сабақтың әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, сарамандық, ой қозғау
Байланыс және ресурстар
- Пәнаралық байланыс: сурет, әдеп, сызу, математика
- Көрнекіліктер: сән журналдары, сызбалар, суреттер, үлгілер, интерактивті тақта, тест сұрақтары
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқушыларды түгелдеу.
«Адамды биік шыңға жеткізетін — еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіре білуіміз қажет».
Н. Ә. Назарбаев
Осы сөзді негізге ала отырып, сабақ мазмұнын апталық тақырыппен байланыстырамыз.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Тағам әзірлеу технологиясы бойынша сұрақтар қойылып, өткен тарау пысықталады:
- 1 Ас мәзірін жасауда дұрыс тамақтанудың қандай ұстанымдарын есте сақтау керек?
- 2 Ет тағамдарының құндылығы. Ет тағамдарын топтау.
- 3 Гарнир және тұздықтар.
- 4 Ашытқысыз қамыр түрлері.
- 5 Кондитер бұйымдарын безендіру түрлері.
- 6 Тағам әзірлеуде есте сақтау керек қауіпсіздік ережелері (ТҚЕ).
3) Жаңа сабаққа кіріспе
Сән ұғымы француздың mode және латынның modus сөздерінен шыққан; мағынасы — өлшем, бейне, тәсіл.
Сәнді бұйым таңдауға арналған «Маусым сәндері», «Сымбат», Burda және басқа да сән журналдары бар.
Бүгінгі сабақта сән журналынан бұйым таңдауды, өз өлшеміңізді анықтауды және үлгі дайындаудың негізгі қадамдарын үйренеміз.
4) Жаңа сабақ
Бұйым таңдау критерийлері
- Қолайлылық.
- Әсемдік және үйлесімділік.
- Сәннің соңғы бағытына сәйкестік.
- Киімге қойылатын талаптарға сай болуы.
Сән журналымен жұмыс істеудің негізгі элементтері
Журналмен тиімді жұмыс істеу үшін нұсқауларды және шартты белгілерді дұрыс түсіну қажет.
Модель нөмірі: әр модельдің өз нөмірі болады; сол нөмірдің астында дайындау жөніндегі нұсқаулар беріледі.
Үлгі суреті: барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.
Материалдық шығын: модельді дайындауға қажетті материалдар туралы мәлімет беріледі.
Қосымша парақ (үлгілер парағы): үлгі беттері мен кескін сызықтар белгіленеді.
Бөліктердің кішірейтілген сызбасы: қандай бөліктердің пішімін көшіріп алу керектігін түсіндіреді; әр бөлік нөмірі, сызықтары, цифрлар және шартты белгілер көрсетіледі.
Жайылма жоспары: үлгілерді мата бетіне тиімді орналастыру тәсілі көрсетіледі.
Түсініктеме мәтін: үлгінің атауы, өлшемі, мата шығыны, бөліктер тізімі және тігу ерекшеліктері қысқаша беріледі.
Өлшемдер жүйесі және сәйкестендіру
Сән журналдарындағы көптеген модельдер 36, 38, 40, 42, 44, 46 өлшемдерінде беріледі. Бұл — неміс өлшем жүйесі.
Өзіміздің өлшем жүйесіне сәйкестендіру үшін көрсетілген санға 6 қосамыз.
Мысалы: 38 → 44, 40 → 46.
Рамка ішіндегі ақпарат (журнал нұсқауларында)
- Үлгі кескінінің түсі
- Үлгінің орналасқан орны
- Өлшемдер және оларға арналған кескін сызықтарының түрі
- Бөліктердің кішірейтілген сызбасы
- Жайылма жоспары
Қосымша
Толық нұсқаны жүктеу.