Қазақша рефераттар

Мазасыз жүрек жырласын - Ақұштап БақтыгерееваАқ сөйлеп, адал күлетіндермен, Шындықты жақтап жүретіндермен, Сыйластық сырын білетіндерменТанысқым келеді менің

Мазасыз жүрек жырласын – Ақұштап Бақтыгереева
Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,
Шындықты жақтап жүретіндермен,
Сыйластық сырын білетіндермен
Танысқым келеді менің.
Жаманға жағынбайтындармен,
Жоқтыққа тарылмайтындармен,
Арманнан арылмайтындармен
Табысқым келеді менің.
Жанары мөлдірегендермен,
Жүрегі елжірегендермен,
Үмітке сендіре білгендермен
Достасқым келеді менің.
Мұң - қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен -
Бас қосқым келеді менің.