Сахнада Ана әні муз
Өлеңті орта мектебі
8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерттің жүргізуші мәтіні
Кіріспе құттықтаулар
1-жүргізуші (қазақша)
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші (орысша)
Здравствуйте, дорогие мамы! Леди, сударушки и, конечно, бабушки! Ну и, разумеется, джентльмены, которыми в этот день должны стать все мужчины. Сегодня не просто один из дней наступившей весны, а один из самых ярких праздников. Сегодня — 8 Марта! Это день прекрасного, потому что самые прекрасные в этом мире — вы: девочки, девушки, женщины!
Өлең жолдары
Ару-ана — өмірдің асылдары,
Жайнайсың көңілінің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Дорогие, нежные, милые — для вас концерт весенний, радостный устроим мы сейчас.
Сахналық бағдарлама
Жүргізуші мәтіндері нөмірлердің алдында айтылатын қысқа таныстырулармен берілді.
«Ана әні»
Сахнада «Ана әні». Әні: Дүйсекеевтің, сөзі: Сариевтің. Қарсы алыңыздар!
Топ «Мальчики» — «Детство»
О, как прекрасно это слово — мама. Все на земле от материнских рук. Она нас, непослушных и упрямых, добру учила — высшей из наук.
На сцену приглашается группа «Мальчики» с песней «Детство».
Дуэт Иманәлі мен Мадияр
Ана — біздің күніміз, ана — біздің гүліміз. Ұландарды қуантып, ұзақ өмір сүріңіз! Сахнаға дуэт Иманәлі мен Мадиярды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Дуэт — «Кекілді қыз»
Гүлдей болсын өміріңіз, нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болсын жұлдызыңыз, көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға, қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Сахнада дуэт. Қарсы алыңыздар!
Вокалдық топ — «Анаға сәлем»
Тізсем де сөз сарасын, сөз шырынын, қай теңеу көзін табар өз сырының. Тербетіп тал бесікті таңды атырған — бұл құрмет бір минуттық көз шырымың. Біз ізгілік өзің еккен бойдағы, көкірегімнен жыр құсы боп сайрады. Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір: құтты болсын Аналардың мейрамы!
Сахнаға вокалдық топты шақырамыз. «Анаға сәлем» әнін қарсы алыңыздар!
Топ «Мальчики» — «Мамонтёнок»
Девушкам, женщинам, мамам и сёстрам — вам, кому праздник весны посвящён. Юноши наши — рыцари ваши — шлют поздравленья и низкий поклон.
На сцене группа «Мальчики» с песней «Мамонтёнок»!
Топ «Достар» — «Сенің анаң алтын»
О, Ана, ардақты Ана, асыл Ана! Аз сөзбен қасиетің ашыл ма? Теңіздей шалқып жатқан жан сырының — бұл тілек бұлақ басы ғана.
Сахнаға «Достар» тобын шақырамыз. «Сенің анаң алтын» әнін қарсы алыңыздар!
United Style тобы
Келеді ортамызға жайнап-тасып. Қыз баласын сыйлаған халқым менің — қошеметтеп, қол соғып қарсы алып, ортаға аруларымызды шақырамыз!
Жастар тобы
Сөз керек — ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге. Сөз керек — дүниенің алтын діңгегі Ана екенін әйгілеуге. Сөз керек — анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшына үйіруге. Сөз керек — жылына бір рет болса да ана мен әйелдің көкіректі кернеген сезімін, көңіл күйін білдіруге.
Олай болса, сахнаға жастар тобымызды шақырамыз!
Топ «Крейзи Герлс»
Пусть за окнами давят морозы, а у нас наступила весна. Расцвели наши девочки — розы: их таланты и красота. На сцене группа «Крейзи Герлс».
Иманмағзам — «Айналайын осы ауылдың қыздары»
Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді, кәрі дала жасарып гүлденеді. Жан дүниемде ғажап сезім оянады, ой да, қыр да алуан түске боянады.
«Айналайын осы ауылдың қыздары» әнін орындаушы — Иманмағзам. Қарсы алыңыздар!
Мақпал — қазақша би
Өмірге ана — бұлақ, ана — пана, өмірді өркендетер ана ғана. Өсірген талай шешен, талай көсем, талай ер, талай ақын, талай дана. Ана! Ол — дүниеде ең ардақты адам. Кіші де, үлкен де оны ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанына «Ана» деп біздің халық текке айтпаған.
Қазақша биді орындаушы — Мақпал. Қарсы алыңыздар!
«Әдемі қыз» әні
Көркіңе таңдай қағып көл дір еткен, отырсың көгілдірмен мөлдіреп сен. Лебізің жүректерді елжіреткен. Сәбидей көңілі пәк бір арусың, желкенің жүректердің желбіреткен.
Сахнада «Әдемі қыз» әні. Қарсы алыңыздар!
Қорытынды
2-жүргізуші (орысша)
Вот и завершились наши поздравления, но вечер и праздник не закончились. С 8 Марта! Цифра 8, если её положить на бок, означает бесконечность — бесконечность дружбы, любви, заботы, нежности.
1-жүргізуші (қазақша)
Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл жеңгелер, қылықты қыздар! Әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін! Осымен 8 Наурыз мерекесіне арналған концертіміз аяқталды. Сау-саламат болыңыздар!
Ескертпе: Мәтін редакцияланып, грамматикасы түзетілді; орындаушылар мен нөмір атаулары бастапқы мазмұнға сай сақталды.