Құстар - табиғаттың әні мен сәні

Ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бұл тәрбие сағаты көктем мерекесі аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құстар туралы түсінігін кеңейтуге, табиғатты аялауға баулуға бағытталған.

Мақсаты

  1. Оқушыларға құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
  2. Құстардың түрлері мен тіршілігі туралы білімдерін дамыту; ата-бабамыздың құстарды қалай қастерлеп, құрметтегені жайлы әңгімелеу арқылы ой-өрістерін кеңейту.
  3. Экологиялық тәрбие беру: құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Қанатты сөздер
  • Құстардың суреттері мен мүсіндері
  • Ағаш ұялар
  • Буклеттер
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта

Әдісі

Әдеби монтаж Түсіндіру Ойын

Барысы

1) Кіріспе бөлімі (психологиялық дайындық)

Тәрбие сағаты шағын өлең жолдарымен басталады:

Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың,

Тазартасың ауасын.

Мұғалім: «Ендеше, сол таза ауамен дем алып көрейік». Оқушылар тыныс алу жаттығуын орындайды.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қош келдіңіздер! Көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз. Көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар — біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.

Сөзжұмбаққа жол ашатын жұмбақтар

Сөзжұмбақты шешу үшін төмендегі жұмбақтардың жауабын табамыз:

  1. Биікте ұшып жүреді,

    Түлкі, қоян бүреді.

    Қия таста ұясы,

    Бұл құсты кім біледі?

    Жауабы: Бүркіт

  2. Ұшқаны қызық жалпылдап,

    Өзі сондай қарқылдақ.

    Жауабы: Қарға

  3. Ақ сарайын талқандап,

    Шықты біреу талтаңдап.

    Жауабы: Балапан

  4. Алмас-алмас күшті аңды,

    Аулар-аулар тышқанды.

    Жауабы: Ителгі

  5. Айдын судың түлегі,

    Шабақ іліп жүреді.

    Жауабы: Шағала

  6. Көкте ұшады тізіліп,

    Біз қараймыз қызығып.

    Жауабы: Тырналар

  7. Көктемде ерте келетін,

    Біз ұя жасап беретін.

    Ол қандай құс, балалар?

    Жауабы: Қараторғай

Сөзжұмбақтың шешімі ретінде қандай сөз шықты? Табиғат.

«Табиғат» ұғымын кеңейту

«Табиғат» дегенде ойларыңа не келеді? Бірге талқылап, тақтаға жазамыз:

ТАБИҒАТ →

жер су адам орман өсімдік құстар аңдар

Табиғатты құрайтын жанды тіршілік иелерінің бірі — құстар. Құстар — табиғаттың әні мен сәні.

Оқушының өлеңі

Табиғат, қандай сұлу, қандай көркем,

Мамырда жасанады, гүлдеп ертең.

Сылдырлап бұлақ ағып сай-саладан,

Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.

Мұғалім: «Табиғат — халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты. Күш-қуатты, бар игілік пен жақсылықты адам табиғаттан алады».

Көктем туралы сұрақтар

Сұрақ

Көктем айларын атаңдар.

Жауап

Наурыз, сәуір, мамыр.

Сұрақ

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалып, негізгі белгілері тақтаға жазылады.)