Терезе элементтерін рет ретімен жаз
Сабақтың тақырыбы
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Word бағдарламасы бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, жүйелеу және қорытындылау; теориялық білімін практикамен ұштастыру; редакторда жұмыс істеу ережелерін бекіту.
2) Дамытушылық
Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық және ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; шығармашылыққа баулу; өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту; сабаққа қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік
Тәртіпке, ұқыптылыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың типі
- Пысықтау; білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы.
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ: жеке және топтық жұмыс.
- Көрнекілігі
- Компьютер, Word мәтіндік редакторы, слайд, интерактивті тақта, Венн диаграммасы, тесттер, электрондық оқулық, таратпа карточкалар және т.б.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Екі топқа бөлу.
- Қызығушылықтарын ояту.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Венн диаграммасы ұсынылады. Оқушылар 7-сыныпта өткен WordPad мәтіндік редакторы мен Word мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін салыстырып жазады.
MS Word
Мүмкіндіктері- Құжаттарды құру және теру.
- Қаріптер жиынын пайдалану.
- Кестелер, графиктер және математикалық формулалар енгізу.
- Емле ережесін тексеру.
- Сөздерді автоматты тасымалдау.
- Сақтау және баспаға шығару.
WordPad
Мүмкіндіктері- Қарапайым мәтіндік редактор.
- Мәтін мен абзацты пішімдеу.
- Шекараларды (жиектерді) жылжыту.
- Әртүрлі қаріпті орнату.
- Сақтау және баспаға шығару.
III. Негізгі бөлім
1) Информатикалық диктант
Негізгі ұғымдар мен әрекеттерді нақты, қысқа түрде жазу.
-
Microsoft Word бағдарламасын іске қосу әрекетін жаз.
-
Терезе элементтерін ретімен жаз.
-
Мәзір жолағының командаларын ретімен жаз.
-
Редакциялау дегеніміз — …
-
Мәтінді форматтау дегеніміз — …
-
Құжаттың әрбір бетінің жоғары немесе төмен жағына басылатын мәтін немесе сурет қалай аталады?
-
Microsoft Word-та кесте құру әдістерін жаз.
-
Microsoft Word-та суретті қалай енгізуге болады?
2) Құралдарды сәйкестендіру
Тақтадағы құралдарды олардың қызметімен сәйкестендіру тапсырмасы.
Оқушылар берілген құралдарды тиісті қызметтерімен сәйкестендіреді.