Қыздарға оқыту
Сабақ жоспары
Тақырыбы
Адам жанының сұлулығы (5-сынып)
Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
- Әділдік
- Қайырымдылық
- Жауапкершілік
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жақсы және жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық қалыптастыруға ықпал ету.
Тәрбиелік
Өзін құрметтеуге және өзіне деген сенімділікті арттыруға тәрбиелеу.
Ресурстар
- Баяу әуен
- Флипчарттар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назар аударту.
Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз.
Әрбір тыныс алған сайын барынша босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз.
Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.
Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен самал желді және бетіңізді жылытып тұрған күн сәулесін сезініңіз.
Енді орманға қарай жүре бастаңыз.
Дәйексөз
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек».
Талқылау сұрақтары
- Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
- Дәйексөзді ұлдарға оқыту.
- Дәйексөзді қыздарға оқыту.
- Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу.
2) Мәтінмен жұмыс
Мұғалімнің сыйы
Ы. Алтынсарин — «Алтын шекілдеуік»
Бір үлкен мейрам алдында әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді.
Леночка деген кіші қызы сол әкелінген көп жемістің ішінде сыртқы қабығы алтындаған шекілдеуіктерге қызығып, соны «маған бер» деп қайта-қайта сұрай берді.
Шешесі:
«Бұл шекілдеуіктер тек әдемілік үшін жасалған. Мыналарды ал», — деп басқа жемістерді ұсынып еді.
Леночка жылай бастады:
«Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын. Алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар», — деді.
Шешесі тіл алмайтын қыңыр баланың дегенін істегеннен артық амал жоқ деп ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, ал басқа балаларына басқа шекілдеуіктерді таратып берді.
Леночка қуанып, шекілдеуіктерін дереу шаға бастады. Қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ — бәрі бос қабық екен.
Мұны көрген қасындағы балалар мазақтап күле бастады.
Сонда атасы:
«Бұл шекілдеуіктер жеу үшін жасалған емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған. Мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойған едім. Екінші рет еш нәрсенің құр сыртқы көрінісіне қызықпа: асыл қасиет ішінде болады», — деді.
Сұрақтар
- Леночка қандай жеміске қызықты?
- Неліктен Леночканың таңдауы дұрыс болмады?
- Леночканың атасы қандай кеңес берді?
- Адамның асылы ішінде болуы үшін қандай қасиеттер мен құндылықтар қажет?
- Қасыңда отырған сыныптасыңның бойындағы қасиеттерді ата. Ол сұлулықтың қай түріне жатады?
Педагог
Гаухарова М. С.