Жазық жердегі өзендер, Таулы жердегі өзендер
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл
Бұл жоспар 4-сыныптың дүниетану пәніне арналған. Мақсаты — оқушыларға Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы бастапқы түсінік қалыптастыру, табиғи су көздерін тиімді пайдалану мен қорғау құндылықтарын орнықтыру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы бастапқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Өзен мен көл туралы дүниетанымды кеңейту, танымдық қабілетті дамыту, су көздерін пайдалану және сақтау жөнінде пікір мен сенім қалыптастыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, табиғатты қорғауға баулу; өзен-көл суларын ластамау және қорғау туралы экологиялық тәрбие беру.
Ресурстар және ұйымдастыру
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Қазақстан картасы
- Жұмбақтар
- Тірек-сызбалар
Сабақтың түрі, әдісі, байланысы
- Түрі
- Жаңа білімді игерту
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, сынып тазалығын қадағалау
- Оқушыларды түгелдеу
- Оқушыларды 2 топқа бөлу
- Назарды сабаққа аудару
II. Психологиялық дайындық
Табиғат — сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен — күнсің, қырдан көтеріліп күліп тұрған.
Сен — көлсің, сен — өзенсің, сен — ормансың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған.
III. Үй тапсырмасын тексеру: «Жерасты сулары»
1) Жерасты сулары қалай пайда болады?
Жерасты сулары — жердің терең қабаттарында жиналған су. Адамдар артезиан құдықтарын пайдаланады немесе жерді 3–4 метрге дейін қазып, құдық жасап, алынған суды ішуге және шаруашылыққа қолданады.
2) Адам өміріне шипалы сулардың маңызы қандай?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады: емдік қасиеті, денсаулыққа пайдасы, сауықтыру орындары және т.б.)
3) Тұщы су қайда кездеседі?
Тұщы су өзендерде кездеседі.
4) Жер бетінің қанша бөлігі су қабатында және қаншасы құрлықта?
Су қабаты — 3/2, құрлық — 3/1 бөлігі.
IV. Ой қозғау: «Адасқан бұлттар» ойыны
Оқушылар жұмбақтарды шешіп, берілген математикалық өрнектермен байланыстырады. Осы арқылы жаңа тақырыпқа шығу көзделеді.
Жұмбақ 1
Келеді алыстан,
Ашулы арыстан.
Жауабы: Өзен
Жұмбақ 2
Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна.
Жауабы: Көл
V. Жаңа сабақ: Өзен және көл
Өзен — өз арнасымен ағатын табиғи су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.
Өзеннің негізгі бөліктері
- Жылға
- Бастау
- Сала
- Саға
Өзендер жер бедеріне қарай екіге бөлінеді
Жазық жердегі өзендер
Ағысы баяу болады, тереңдігі үлкен емес. Ені кейде бірнеше километрге дейін жетуі мүмкін.
Таулы жердегі өзендер
Арнасы тік жартасты, терең келеді; суы жылдам ағады.
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен шағын кемелер жүзе алады. Ал Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінде кемелер тек терең бөліктерінде ғана жүреді.
Өзендер — тұщы судың маңызды көзі. Көптеген өзендерде бағалы балық түрлері тіршілік етеді. Мысалы, Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан.
Өзен бойында су электр стансалары салынып, су күшінен электр энергиясы өндіріледі. Өзен суы ақырында басқа өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына құяды.
Өзендер жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтан, қайнар бұлақтардан, кейде арнасынан асқан көл суларынан нәр алады. Көп өзендер қыраттар мен таулардан басталып, төмен қарай ағу барысында өзге жылғалар мен бұлақтар қосылып, суы молая түседі.
Назар аударайық
Өзен-көлдерді қорғау — табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Су көздерін ластамау, суды үнемдеп пайдалану және жағалауды таза ұстау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.