Сау бол
Бастауыш сынып мұғалімі
Оңаева Орынша Бақамбайқызы
Тақырыбы
«Сіз», «біз» деген — жылы сөз.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Өлеңге талдау жасай отырып, мәнерлеп оқуға дағдыландыру; өз ойын толық әрі анық жеткізуге, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше ізденуге баулу. Сонымен бірге бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Тақырып мазмұнын ашып көрсете алады.
- Өлеңде адамдар арасындағы сыйластықтың көрінісін сипаттай алады.
- Мәдениетті сөйлеудің мәнін түсініп, үлкендерді сыйлауға қатысты көзқарасын қалыптастырады.
- Өз ойын еркін айтып, дәлелдеп, жүйелі жеткізе алады.
Бағалау өлшемдері
Оқушының түсінуі мен белсенділігі төмендегі әрекеттер арқылы бағаланады:
-
1) Өлеңді талдау
Мазмұнын ашу, негізгі ойды анықтау.
-
2) Ертегіге пікір қосу
Өз ойымен толықтыру, балама шешім ұсыну.
-
3) Сұрақтарға жауап
Сурет бойынша әңгімелеу, дәлел келтіру.
-
4) Топтық жұмыс
Ортақ тапсырманы бірлесе орындау.
-
5) Семантикалық карта
Түйінді ұғымдарды жүйелеу.
-
6) Рөлдік ойын
Көріністе рөлдерді сенімді сомдау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, сыныптың көңіл күйін реттеу.
Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтін туралы қандай ой түйдіңдер?
- «Ұшқан ұя» сөзінің мағынасы қандай?
- Б. Момышұлының әкесі қандай адам болған?
I. Қызығушылықты ояту
«Әр жүректен — бір тілек»
Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші сиқырлы таяқшаны бір оқушыға ұсынады. Оқушы жанындағы баланың жақсы қасиетін атап, жылы сөз айтады да, таяқшаны келесі балаға береді. Осы ретпен жалғасады.
Мысал:
- «Айгүл, жүзің сондай мейірімді көрінеді!»
- «Даусың қандай керемет!»
- «Мұрат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды!»
II. Мағынаны тану
Ертегі арқылы ой қозғау
«Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме? Ендеше мен сендерге бір ертегі айтып берейін».
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. Жиырма жасында ер жетіп, отызында бұғанасы бекіп, қырқында кемеліне келіпті. Елуге асқан соң қартая бастапты: кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, теректі тесіп-жеп, жанына батыпты.
Терек күні-түні зарлап: «Уһ, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды. Жәрдем бере көріңдер…»
Көрнекілік: көңілсіз, жапырағы түсіп жатқан терек суреті.
Негізгі ой
Балалардың жылы сөздері мен жақсы іс-әрекеттері терекке демеу болып, ол сауығып, қайта жайқалады. «Жақсы сөз — жарым ырыс» дегендей, жақсы сөз адамға да, табиғатқа да шипа бола алады.
Өлеңмен жұмыс: Ө. Тұрманжанов
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу: іштей оқу, сыбырлап оқу, дауыстап оқу.
- «Сіз», «біз» деген — қандай сөздер? Неліктен жылы сөз деп айтамыз?
- Ақын адамдар арасындағы сыйластықты қалай суреттейді?
Сөйлеу мәдениеті: сөздер қоржыны
Күнделікті қарым-қатынаста мәдениетті сөздерді орынды қолдану — сыйластықтың белгісі.
Сәлемдесу сөздері
- Сәлем!
- Сәлеметсіз бе?
- Амансың ба?
Қоштасу сөздері
- Кездескенше!
- Аман-сау бол!
- Бәрі жақсы болсын!
- Жолың болсын!
- Қош бол!
- Сау бол!
Қарым-қатынас сөздері
Рұқсат етіңіз!
Рахмет!
Ризамын!
Кешірім сұраймын!
Кешіріңіз!