Зат есімнің септелуі

Топтама сабақтарының тақырыптары

  • Зат есімнің септелуі
  • Салыстырмалы шырай
  • Күшейтпелі шырай
  • Сын есімнің емлесі

Қазақ тілі, 7-сынып

Сабақ тақырыбы

Зат есімнің септелуі

Сілтемелер және үйлестірме материалдар

Қазақ тілі оқулығы, танымдық тапсырмалар

Жалпы мақсаты

Зат есімнің септелуі туралы білімді тереңдету және оның ерекшеліктерін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар зат есім, септік жалғаулары және зат есімнің септелуі туралы теориялық ақпаратпен танысады.

Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті

Ұйымдастыру және мақсат қою

  • Оқушыларды стикерге жазылған топ атаулары бойынша топқа бөлемін: көптелу, тәуелдену, септелу.
  • Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
  • Бағалау парақшаларын таратамын.

Қызығушылықты ояту және тапсырмалар

  • Көркем әдебиеттен құрамында тәуелдік жалғауы бар 5 сөйлем жазу.
  • Ақ қағазға жазылған әріптерді құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
Негізгі әдіс

Септік жалғаулары туралы ертегі

Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін септік жалғауларына қатысты ертегі айтамын. Ертегі оқушылардың есінде сақтауға жеңіл болу үшін сұрақтарды ретімен беруге көмектеседі.

Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті.

Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті.

Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде, тағы бір ішек тағып: «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?» — деп жоқтау айтады.

Табыс атты ұлы өлгенде: «Нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — дейді.

Жатыс ұлы да аштықтан өлгенде, ағашқа бесінші ішек тағылып: «Неде, кімде екен себебі?» — деп жылайды.

Шығыс ұлы да қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?» — деп егіледі.

Ал Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда, шал: «Кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» — деп жоқтау айтып егіледі.

Айтуға қарағанда, шал мұңын халыққа жеткізген екен. Осы ертегі негізінде оқушыларға септік жалғаулары мен олардың сұрақтарын дұрыс ретімен орналастыру тапсырмасы беріледі.