Математика 1 сыныпӘріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру)Тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру).
Білімділік мақсат
- Әріпті өрнектер туралы түсінікті кеңейту.
- Өрнектерді есептемей салыстыруға үйрету.
- «Артады», «кемиді» ұғымдарын енгізу.
Дамытушылық мақсат
- Қосу және азайту амалдарының компоненттерін талдау дағдысын дамыту.
- 10 көлеміндегі кестелік қосу мен азайтуды бекіту.
- Төрттік мысал құрастыру машығын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
- Көркем жазуға баулу.
- Қалыптан тыс ойлауға ынталандыру.
- Табиғатты сүюге және аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.
II. Көркем жазу
«2» санының жазылуын қайталау:
III. Ой ширату
Қосу, азайту және белгісіз компоненті бар тапсырмалар.
Белгісізі бар теңдеулер
«Артық/кем» тілдік тапсырмалар
- 3-ті 5-ке арттыр.
- 8-ді 2-ге кеміт.
- 6-ны 3-ке кеміт.
- 6-ны 3-ке арттыр.
IV. «Сүйінші» және көктем тақырыбы
«Сүйінші» деген не? Ол қай кезде сұралады? Тақтаға назар аударайық: құстар бізден «сүйінші» сұрап келіпті. Олар бізге тапсырмалар алып келген екен. Орындаймыз ба?
A) «Көктем» сөзі мен 2 + 4 = 6 өрнегінің арасында қандай байланыс бар?
Жауабы: 2 дауысты + 4 дауыссыз = 6 дыбыс (әріп).
Қосудағы сандар: қосылғыш, қосылғыш, ал нәтиже — қосындының мәні.
B) Берілген сөздердің көктемге қатысын талқылап, дауысты мен дауыссыз дыбыстарға байланысты өрнектер құрастырамыз.
V. Оқулықпен жұмыс
Кестелер арқылы қорытынды жасаймыз: қосылғыштардың бірін арттырсақ, қосындының мәні де артады.
| Қосылғыш | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
| Қосылғыш | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Қосындының мәні | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді.
| Азайғыш | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 |
| Азайтқыш | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| Айырманың мәні | 8 | 7 | 6 | 5 | 4 | 3 | 2 |
Азайғыш артса, айырманың мәні де артады.
| Азайғыш | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| Азайтқыш | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 |
| Айырманың мәні | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жаңа тақырып: әріпті өрнектерді есептемей салыстыру
Қосуды салыстыру
Мысалы, 3 + 4 және 4 + 2 — санды өрнектер. Ал 3 + a және a + 2 — әріпті өрнектер.
Егер әріпті өрнектің мәні белгісіз болса да, белгілі қосылғыштарға қарап салыстыруға болады: 3 > 2, демек, 3 + a өрнегі a + 2 өрнегінен артық.
Азайтуды салыстыру
Мысалы, 7 − 3 және d − 3 өрнектерін салыстырғанда, ереже еске түседі: азайтқыш артса, айырманың мәні кемиді.
Негізгі ой
- Қосылғыштардың біреуі артса, қосынды да артады.
- Азайтқыш артса, айырма кемиді.
- Азайғыш артса, айырма да артады.
Бекіту
2-мысал: өрнектерді салыстыру
Ертегі: әріптер мен сандардың достығы
Ертеде әріптер мен сандар бір-бірімен келісе алмай, үнемі айтысып жүреді екен. Сандар: «Біз болмаса, санау, қосу, азайту болмас еді», — деп мақтанады.
Әріптер болса: «Біз болмаса, жазу да, оқу да болмас еді», — деп жауап береді.
Бір күні 3 саны мен З әрпі бір-бірін көріп таңғалыпты. Олар неге таң қалды деп ойлайсыңдар? Өйткені олар бір-біріне ұқсайды.
Сол күннен бастап олар дос болып кетеді. Артынша басқалары да татуласып, бәрі бірігіп «төрттік мысал» деген ойынды ойлап табады.
Ендеше, біз де сол ойынды ойнайық.