Тәуке хан болу қарсаңындағы қазақ хандығының саяси жағдайы

Сабақтың тақырыбы

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақ түрі

Ашық сабақ

Оқыту формасы

Топтық жұмыс

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Топтастыру
  • Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Көрнекіліктер

Карта Интерактивті тақта Үлестірмелі материалдар Хандар портреттері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Тәуке ханның тұлғасын таныту; ел басқару жүйесін жетілдіру бағыттарын түсіндіру; «Жеті жарғы» заңдар жинағын қарастыру; сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізуінің нәтижелерін көрсету.

Дамытушылық

Жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру; оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы пікірталас ұйымдастыру; білім мен біліктілікті дамыту.

Тәрбиелік

Тәуке хан сияқты талантты саясаткер әрі дипломаттың халқына сіңірген тарихи еңбегін түсініп, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру

    2 минут
    • Сәлемдесу
    • Оқушыларды жүрекшелер таңдау арқылы 3 топқа бөлу
  2. 2) Үй тапсырмасын сұрау

    10 минут

    1-тапсырма (топтық жұмыс)

    1-топ

    Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы

    5 минут

    2-топ

    Қазақ халқының XVI–XVII ғасырлардағы шаруашылығы

    5 минут

    3-топ

    Қазақ қалаларының жағдайы, тоқырау себептерін түсіндіру, картадан көрсету

    5 минут

    2-тапсырма (болжау технологиясы)

    Сөзжұмбақ — 5 минут

    Т

    Өзбек ханымен жасалған «ант беріскен шартты» бұзып, 1582–1598 жылдары Қазақ хандығын басқарған хан кім?

    Ә

    1693–1748 жылдары өмір сүрген, Ресей бодандығын алғаш қабылдауға ниет білдірген Кіші жүз ханы кім?

    У

    1711 жылы Абылай кімнің шаңырағында дүниеге келеді?

    К

    Ораз-Мұхаммед 1580 жылы соғыс кезінде қай ханнан жеңіліп, тұтқынға түседі?

    Е

    Түркістанды астана етіп жариялап, 1598–1628 жылдары хан болған кім?

    Х

    1582 жылы Тәуекел хан Ташкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, 1538–1580 жылдары ел билеген қай ханның кегін қайтарды?

    А

    Үйсін Төле бидің түйесін бағып, «Сабалақ» атанған, 1771–1781 жылдары Қазақ хандығын басқарған хан кім?

    Н

    1991 жылғы 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

  3. 3) Жаңа сабақ (өзара оқыту)

    10 минут

    Жоспар

    1. 1 Тәуке хан билікке келер қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
    2. 2 Тәукенің хан тағына отыруы
    3. 3 Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
    4. 4 «Жеті жарғы»
    5. 5 Ұлы билер

    Оқып, пікірталас жүргізу

    Постер қорғау

    1-топ

    Тәуке ханның билікке келуі

    2-топ

    «Жеті жарғы» заңдар жинағы

    3-топ

    Ұлы билер

    Уақыты: 3 минут оқу, 4 минут постер дайындау, 3 минут қорғау.

  4. 4) Бекіту

    10 минут

    4-тапсырма: «Сиқырлы сандықша»

    5 минут
    • Жәңгір хан елді қалай басқарды?
    • Билер кеңесі қай жерлерде өткізілді?
    • Тәуке хан алдына қандай мақсаттар қойды?
    • Жәңгір хан тұсында Қазақ хандығы қандай ауыртпалықтарды бастан кешірді?

    5-тапсырма: «Конверт-сұрақ»

    4 шындық — 1 өтірік (2 + 3 минут)

    1-конверт

    1. Орбұлақ шайқасы 1643 жылы болды.
    2. Тәуке хан өз билігін күшейту үшін билерге арқа сүйеді.
    3. 1584 жылы Ермакты жеңген қазақ батыры — Тәуекел. (өтірік нұсқа: Сәтбек)
    4. Қатаған қырғыны Тұрсын хан оқиғасына байланысты.
    5. Қазақ хандығының негізін қалаған — Керей мен Жәнібек.

    2-конверт

    1. Жоңғарлардың 1680 жылғы шабуылынан аман қалған қала — Түркістан.
    2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы Есім хан тұсында қабылданды. (өтірік нұсқа: Тәуке)
    3. Қазақ хандығында ата-аймақты ақсақал басқарған.
    4. Қазақ хандығында жүздің биін «Орда би» деп атаған.
    5. Қазақ хандығында ру он немесе он бес аймақтан құралған.

    3-конверт

    1. 1643 жылы қазақ жеріне баса-көктеп кірген ел — жоңғарлар.
    2. 1628–1652 жылдары Қазақ ханы болған, Есім ханның баласы — Тәуке. (өтірік нұсқа: Жәңгір)
    3. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан билер: Төле, Қазыбек, Әйтеке.
    4. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы Айғыржар жерінде болды.
    5. 1694 жылы І Петрмен Аталықов арқылы сауда байланысын дамыту жөнінде келісім жасаған хан — Тәуке.
  5. 5) Қорытындылау

    5 минут

    6-тапсырма: «Футбол ойыны» (сұрақтар)

    1-доп

    «Жеті жарғыда» қандай мәселелер қарастырылды?

    2-доп

    Құн деген не?

    3-доп

    Құрылтай ұғымын қалай түсінесің?

    4-доп

    Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне қандай жаңалық енгізді?

    5-доп

    Ерлігі үшін Жәңгір ханға халық қандай атау берген?

    6-доп

    Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының қысқы ордасы қай жерде болды?

    7-доп

    Ташкент қаласында жерленген би кім?

  6. 6) Кері байланыс

    2 минут

    «Бағдаршам» әдісі

    Оқушылар қызыл, сары, жасыл түстер арқылы сабақтың қалай өткенін, ұнаған-ұнамағанын және өз эмоциясын білдіреді.

  7. 7) Бағалау

    5 минут

    Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы қорытынды бағаны шығарады.

  8. 8) Үй тапсырмасы

    1 минут

    Тақырып бойынша: «Тәуке ханның ел билеуі» тақырыбында эссе жазу.