Түрлерін ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы, Қарабау орта мектебі
Мұғалім
Куанышева Арайлым Женісовна, бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы
«Тапқыр достар»
Сабақтың түрі
Жарыс сабағы
Әдістері
Баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Қазақ тілі туралы ұғым қалыптастыру.
  • Ана тілінде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Тез ойлап, ұтымды жауап беруге, жүйелі әрі еркін сөйлеуге дағдыландыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар топқа бөлініп орналасады, назарлары шоғырландырылады.

Қатысушылар ойынның шарттарымен таныстырылады.

Кіріспе сөз

Тіл — әр ұлттың тірегі, сезім мен ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы — сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақал-мәтелмен өрнектеп сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шешкен. Ғасырлар бойы құнын жоймаған ана тіліміз — қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақтың, яғни сіздердің еншілеріңізде.

Осы орайда сыныбымызда «Тапқыр достар» атты телевизиялық ойын үлгісіндегі ашық пәндік шара арқылы белсенділігімізді көрсетейік. Әділқазылар алқасын сайлап, сайысымызды бастайық.

Сайыс кезеңдері

  1. I кезең
    Таныстыру
  2. II кезең
    Сөз тапқанға қолқа жоқ
  3. III кезең
    Ойлан, тап!
  4. IV кезең
    Сен білесің бе?
  5. V кезең
    Кім жылдам?
  6. VI кезең
    Қолқа салу

Негізгі бөлім

I айналым: Таныстыру

I топ

«Жүйрік»

Таныстыру

Сәлем бердік баршаға,

Оқушылар, сіздерге.

Жүйрік атты тобымызды,

Таныстырдық бәріңе.

Қандай жақсы — сеніміңді ақтаса, қазақша сөйлеуді естен шығармай сақтаса. Бар біліммен ортаға шығатындар: Әйгерім, Нияз, Индира.

II топ

«Тұлпар»

Таныстыру

Толағайдың тасындай,

Үш ұланнан тұрамыз.

Сөзге жүйрік баламыз,

Тұлпар тобы осындай.

Әр тілдің әркез өз мәні бар. Қазақ тілін үйрену — жарасымды, өнегелі іс. Қазақша сайрауға шыққандар: Ләззат, Асылбек, Раушан.

II айналым: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Шарты: берілген әріптердің ішінен қалағанын таңдап, сұрақтарға тек сол әріптерден басталатын сөздермен жауап беру.

I топқа сұрақтар

  1. 1) Тіл деген не?
  2. 2) Тілді қадірлейсің бе?
  3. 3) Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
  4. 4) Кітап оқығанды ұнатасың ба?
  5. 5) «Тілі ұзын» адам қандай адам?
  6. 6) Таңертең не жедің?

II топқа сұрақтар

  1. 1) Тіл мерекесі қашан?
  2. 2) «Шала қазақ» деген кім?
  3. 3) Қазақ тілі әлемдегі бай тілдердің бірі ме?
  4. 4) Тіл қандай құрал?
  5. 5) Мектепке немен келесің?
  6. 6) Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек?

III айналым: «Ойлан, тап!»

Шарты: берілген сөзден бірнеше сөз құрау.

Қасқалдақ

IV айналым: «Сен білесің бе?»

Шарты: ұяшық таңдап, сұраққа жауап беру.

I топ

  1. 1) Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
  2. 2) «Кітап», «бала» сөздерін ілік септігіне қойып айт.
  3. 3) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Қай жалғау екенін және нешінші жақта тұрғанын айт: Мен — қазақ..., мың өліп, мың тірілген.
  4. 4) «Мен сайысқа қатысып тұрмын.» Бұл сөйлем қай шақта?
  5. 5) «Оқушылар кезек-кезек тақпақ айтты.» Сөйлемнен үстеуді тап, түрін анықта.
  6. 6) «Индира мен Әйгерім “Тапқыр достар” жарысына қатысты.» Сөйлемнен шылауды тап. Қызметін түсіндір.

II топ

  1. 1) Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
  2. 2) «Тіл», «оқушы» сөздерін барыс септігіне қойып айт.
  3. 3) Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. Қай жалғау екенін және нешінші жақта тұрғанын айт: Біз сабаққа бірге дайындала...
  4. 4) «Мен Наурыз мерекесінде биледім.» Бұл сөйлем қай шақта?
  5. 5) «Біз биыл бастауышпен қоштасамыз.» Сөйлемнен үстеуді тап, түрін анықта.
  6. 6) «Мен “Тапқыр достар” сайысындағы жеңісім туралы ойлап тұрмын.» Сөйлемнен шылауды тап. Мағынасын түсіндір.

V айналым: «Кім жылдам?»

Шарты: берілген сөздерді жұмбақтап, ым-ишара арқылы түсіндіру.

I топқа берілетін сөздер

ит қалам шырша сөмке кесе дәптер машина ағаш үй

II топқа берілетін сөздер

маймыл кітап телефон балық компьютер мұғалім ешкі көзілдірік ұшақ

Көркемсөз

«Туған тілім»

VI айналым: «Қолқа салу»

Шарты: жеңген топ жеңілген топқа «қолқа салады» (тілек/тапсырма айту).

Қорытынды

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік! Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік. Арамызда тапқыр достар көп екен, ендеше олардың нәтижесін бірге көрейік.

Бағалау

Әділқазылар қорытынды шығарады.

Марапаттау

Оқушылар марапатталады.

Кері байланыс

Қатысушылардың пікірлері тыңдалады.

Тәрбиелік түйін

Ана тілді құрметтеу — ортақ міндет.