Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама

«ХХІ ғасыр көшбасшылары» атты сайысымыз (8–10 сыныптар арасында) басталғалы отыр. «Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер», — деп, бүгінгі сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар, құрметті қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар және жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыскерлер! Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшылары» сайысымызға қош келдіңіздер!

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз!

Ендеше, ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, сайыс алаңына назар аударайық. Сайыскерлерімізді ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!

8-сынып

Сайысқа қатысушылар тізімі жүргізуші тарапынан таныстырылады.

9-сынып

Сайысқа қатысушылар тізімі жүргізуші тарапынан таныстырылады.

10-сынып

Сайысқа қатысушылар тізімі жүргізуші тарапынан таныстырылады.

Бірінің жүрегінің түгі бар,
Бірі арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бірінің күмбірлеген күйі бар,
Енді бірінің алғыр ойы, өткір миы бар.

І кезең — «Бәйге»

Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар, сайысымызды бастаймыз. Мұқият болыңыздар!

8-сыныпқа арналған сұрақтар

  1. 1. Қандай заттарда диффузия болады? (Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда.)
  2. 2. Көктайғақта жолға неге құм себеді? (Үйкеліс күшін арттыру үшін.)
  3. 3. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы қалай аталады? (Жылу мөлшері.)
  4. 4. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера.)
  5. 5. Массасы 10 кг дененің салмағы қанша Н? (98 Н.)
  6. 6. Қай физикалық шама массаның көлемге қатынасына тең? (Тығыздық.)
  7. 7. Қандай екі физикалық шаманың өлшем бірліктері бірдей? (Жұмыс және энергия.)
  8. 8. Қатаңдықтың (k) өлшем бірлігі қандай? (Н/м.)
  9. 9. Динамометр нені өлшейді? (Күшті.)
  10. 10. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі қалай аталады? (Балқу.)
  11. 11. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли.)
  12. 12. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (Шикі су.)
  13. 13. Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед.)
  14. 14. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай құбылыспен түсіндіріледі? (Диффузия.)
  15. 15. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (Тығыздықтары әртүрлі болғандықтан.)

9-сыныпқа арналған сұрақтар

  1. 1. Қарындашты өткір және өтпес пышақпен бірдей күш түсіріп ұштасақ, қысым бірдей бола ма? (Жоқ, өтпес пышақпен көбірек.)
  2. 2. Дене көлемін сақтап, бірақ пішінін оңай өзгертеді. Заттың агрегаттық күйі қандай? (Сұйық.)
  3. 3. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы. (Инерция.)
  4. 4. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (Электр тогы.)
  5. 5. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласуы қалай аталады? (Диффузия.)
  6. 6. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (Кебу.)
  7. 7. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (Қысым.)
  8. 8. Электр заряды жоқ бөлшек. (Нейтрон.)
  9. 9. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын шама. (Жылдамдық.)
  10. 10. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын ауыстыруы. (Механикалық қозғалыс.)
  11. 11. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (Алма.)
  12. 12. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (Жоқ.)
  13. 13. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (Масса.)
  14. 14. «Инерция» сөзінің қазақша баламасы. (Әрекетсіздік.)
  15. 15. Жерді айнала қозғалатын жасанды серіктерге Жердің тартылыс күші әсер ете ме? (Иә.)

10-сыныпқа арналған сұрақтар

  1. 1. Кебу процесіне кері процесс. (Конденсациялану.)
  2. 2. Жылу берілудің қатты денелердегі түрі. (Жылу өткізгіштік.)
  3. 3. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді? (Артады.)
  4. 4. Изотермалық процесте газға 2×108 Дж жылу берілді. Газдың атқаратын жұмысы? (2×108 Дж.)
  5. 5. Дененің пішіні мен көлемінің (V) өзгеруі. (Деформация.)
  6. 6. Жылудың ауа және сұйық ағындары арқылы берілуі. (Конвекция.)
  7. 7. Дененің өзі алатын үдеуге ықпал ететін қасиеті. (Инерттілік.)
  8. 8. Бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен өзара әсерлесу энергияларының қосындысы. (Ішкі энергия.)
  9. 9. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ. (Идеал газ.)
  10. 10. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерге қандай шама бірдей болады? (Ток күші, I.)
  11. 11. Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады? (Физикада — «−»-тен «+»-ке; есептеуде ыңғайлы болғандықтан «+»-тен «−»-ке бағыт алу келісілген.)
  12. 12. Электр шамын ойлап тапқан кім? (Джозеф Сван.)
  13. 13. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. (Психрометр.)
  14. 14. Электр шамының қылы неден жасалады? (Вольфрам.)
  15. 15. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Вильгельм Рентген.)

ІІ кезең — «Көкпар»

Адам — алып, таңғажайып ісімен,
Көкпар — ойын, ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл — адамдар ардақтаған халықтар, физикада даңқы шыққан алыптар. Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер — алыптарды әрқашан танып қал!

Бағалау: 5 / 10 / 15 ұпай.

10-сынып

  1. 1. Француз физигі әрі математигі; электр және магниттік құбылыстар арасындағы байланыс теориясын дамытқан, «электр тогы» ұғымын ғылымға енгізген. (Андре-Мари Ампер.)
  2. 2. Итальян физигі; электр тогы туралы ғылымның негізін қалаушылардың бірі, алғашқы гальвани элементін жасаған. (Алессандро Вольта.)
  3. 3. Неміс физигі; ток күші, кернеу және кедергі арасындағы заңды тұжырымдап, тәжірибемен дәлелдеген. (Георг Ом.)

9-сынып

  1. 4. Француз физигі; электр және магниттік заңдылықтарды анықтауға арналған аспап жасап, үйкеліс заңдылықтарын тұжырымдаған. (Шарль Огюстан Кулон.)
  2. 5. 1643–1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі; қозғалыс заңдары мен тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон.)
  3. 6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская.)

8-сынып

  1. 7. Б.з.д. 287–212 жылдары өмір сүрген ежелгі грек ғалымы; рычаг ережесін тұжырымдап, гидростатика заңын ашқан. (Архимед.)
  2. 8. Физика тарихында «Екінші ұстаз» атанған ұлы бабамыз. (Әбу Насыр әл-Фараби.)
  3. 9. 1543 жылы «Аспан сфераларының айналуы туралы» еңбегі жарық көріп, гелиоцентрлік жүйені жасаған поляк ғалымы. (Николай Коперник.)

ІІІ кезең — «Полиглот»

Келді кезек полиглотты шешуге — жауаптарды үш тілде аудару керек. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білсеңіз, 7 ұпай сізге бұйырады. (Белгі беру қажет.)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,
    Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.

    Жауабы: ток — ток — current

  2. Жалғыз бағыт біледі,
    Бұрағаныңа көнбейді.
    Жол көрсетіп береді,
    Бірақ өзі көрмейді.

    Жауабы: компас — компас — compass

  3. Туыстарын шетінен,
    Өбеді де бетінен.
    Бала-шаға ұсағын,
    Бауырына қысады.

    Жауабы: магнит — магнит — magnet

  4. Көкке қараған,
    Жұлдыз санаған.

    Жауабы: телескоп — телескоп — telescope

  5. Тар шеңберді айналып,
    Тұр құдықта байланып.
    Қаға берер таңдайды,
    Әдетінен танбайды.

    Жауабы: сағат — часы — clock

  6. Қозғалысқа келтіріп,
    Жылдамдығын береді.
    Өлшемдерін қарасақ,
    Ньютонға ол келеді.

    Жауабы: күш — сила — strength

  7. Жоғалмайды ешқашан,
    Түрлендірсек егер де.
    Басқа күйге ауысқан,
    Жұмыс істейді әрқашан.

    Жауабы: энергия — энергия — energy

  8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
    Ұзындығы жазулы тұр бойында.

    Жауабы: сызғыш — линейка — ruler

  9. Суға салсаң батпайды,
    Отқа салсаң жанбайды.

    Жауабы: мұз